Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
1591 0 пікір 9 Ақпан, 2023 сағат 11:21

Рудный тағы жылусыз қалды

Қостанай облысының Рудный қаласында жылу магистралінен тағы ақау шығып, 83 үй мен 17 нысан жылусыз қалды. Бұл туралы Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім етті.

«9 ақпан күні сағат 08:30-да Рудный қаласында жылу магистралінде ақау анықталды. Осыған байланысты Горняков көшесінің Дзержинскийден Ленинге дейінгі бөлігінде орналасқан жылу трассасы жабылды. 24 көпқабатты үй, 59 жеке үй мен 17 заңды тұлғаның ғимаратына жылу беру уақытша тоқтатылды», - деп мәлім етті облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Еске салайық, соңғы кездері жылу желісіндегі жиілеген ақауларға байланысты таяуда Президент аталған қалаға жұмыс сапарымен барды. Жағдаймен танысқан Қасым-Жомарт Тоқаев Рудныйдағы желілердің тозу деңгейі өте жоғары екенін атап өтіп, облыс пен шаһар әкімдігіне жағдайды жедел қалпына келтіру туралы тапсырма берді.

Сонымен бірге 6 ақпанда желілердегі апаттар мен іркілістің жиі орын алуына байланысты Рудный қаласында төтенше жағдай режимі енгізілді.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1551
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3346
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6194