Сенбі, 23 Қараша 2024
1281 0 пікір 9 Ақпан, 2023 сағат 11:53

"Екібастұз ЖЭО проблемасы қыс біткенше бітпейді"

Екібастұз қаласын жылумен тұрақты қамту проблемасы жылыту маусымы аяқталғанға дейін шешімін таппауы мүмкін. бұл туралы «Павлодарэнерго» АҚ бас директоры Вадим Лесин айтты, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz сайты.

Сондай-ақ анықталғандай, Екібастұз станциясы жылыту маусымына дайындық паспортын алмаған болып шықты.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында В.Лесин қазандықтардың, әсіресе су жылытқыш қазандықтардың жай-күйі тұрақты температура бере алмайтынын мәлім етті.

«Осыған байланысты төмендетілген параметрлер беріліп жатыр және мұндай ахуал жылу беру маусымының соңына дейін жалғасатыны болжануда.Төтенше жағдай кезінде болған желілердегі ақауларды жойдық. Көрсеткішті жақсарту үшін жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ негізгі желілердегі лай қазандықтарға түсіп, экранды беткейлерде айналымды бұзды», - деді ол.

Вадим Лесиннің айтуынша, қаңтар айы бойы ЖЭО қызметкерлері мен мердігерлер станция жұмысын тұрақтандырумен айналысқан. Алайда тұрақты параметрлерді алты күн ғана ұстап тұру мүмкін болған. Қазір ЖЭО-да 120-ға жуық адам тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ баспасөз мәслихатында монополист өкілі мәлім еткендей, Екібастұз жылу-электр орталығы күзгі-қысқы кезеңге дайындық паспортын алмаған.

«Жөндеу жұмыстарын жылыту маусымы басталғанға дейін аяқтау керек болған, алайда дер кезінде аяқтап үлгірмеген. Сондықтан станция қысқы маусымға дайындық төлқұжатын алмады. Яғни, төлқұжат бойынша жөндеу жұмыстары 30 қазанға дейін аяқталуы тиіс деген талаптар бар. Ал бұл жолы қараша айының соңында аяқталды, – деді Вадим Лесин.

Айта кету керек, қазір Екібастұз ЖЭО-да небәрі төрт қазандық жұмыс істейді, алтауы жөндеуде. Температураның шығатын параметрі – 60 градус, кері айналымда - 44. Екібастұз тұрғындарына жылу ақысына 70 пайыз жеңілдік жасалды.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5445