Сенбі, 23 Қараша 2024
1418 0 пікір 13 Ақпан, 2023 сағат 12:46

«AYBA-Жанұя»: Тағы бір қаржы пирамидасы ұсталды

«AYBA-Жанұя» қаржы пирамидасын құру және басқару фактісі бойынша қылмыстық істі Қаржы мониторингі агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті тергеп жатыр.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік ойдан шығарылған шарттармен азаматтарға баспана алуға көмек көрсететіні анықталды. Әлеуметтік желілерде сипатталған шарттарға сәйкес инвестор 5000 теңге салып, одан кейін 5 немесе одан да көп адамды тартуы керек.

Адамдарды тартқаннан кейін салымшыға салған сомасы қайтарылады және сыйлық беріледі. Белгілі бір деңгейге жеткен соң салымшыға пәтер немесе 10 миллион теңге уәде етілген.

Еске салайық, қаржылық (инвестициялық) пирамида схемаларын құру ҚР ҚК 217-бабы бойынша мүлкі тәркіленіп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен қылмыстық жауапкершілікті көздейді.

«Азаматтарды қырағы болуға және қысқа мерзімде артық пайда табу туралы күмәнді ұсыныстардан аулақ болуға шақырамыз.

Құрметті азаматтар!

«AYBA-Жанұя» қаржылық пирамидасының құрбаны болсаңыз, сенім телефондарына хабарласыңыз»,-делінген хабарламада.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5524