Сәрсенбі, 30 Қыркүйек 2026
2125 2 пікір 14 Ақпан, 2023 сағат 14:36

Мұхамедиұлын қамау мерзімі 2 айға ұзартылды

ҚР Ұлттық музейінің экс-директоры Арыстанбек Мұхамедиұлын қамауда ұстау мерзімі 2 айға ұзартылды. Бұл туралы елорданың мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының баспасөз қызметінен мәлім етті.

«13 ақпанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті А. Мұхамедиұлының қамауда болу мерзімін 2 айға ұзартты», - деп мәлім етті соттың баспасөз қызметінен.

Еске салсақ, биыл 29 мамырда Арыстанбек Мұхамедиұлы бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен қамауға алынды.

Антикор ұлттық музейдің бұрынғы басшысына «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу жөніндегі мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген айып тақты.

Кейін еліміздің ішкі істер министрлігі Арыстанбек Мұхамедиұлының «суицид әрекетіне» қатысты түсініктеме берген еді.

Сонымен қатар, А.Мұхамедиұлының ісіне қатысы бар деген кіүдікпен «ҚР Ұлттық мұражайы» РМҚК директорының бұрынғы орынбасары А.Ш. Нұразхан ұсталған болатын.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1589
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3204
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1190
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1101