Сәрсенбі, 27 Қараша 2024
1874 1 пікір 16 Ақпан, 2023 сағат 13:13

Министр: "Елімізде пияз жеткілікті"

«Елімізде пияз бағасының қымбаттауына еш негіз жоқ»,-дейді Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин.

«Қазір баға тұрақтанып келеді. Елімізде пияз жеткілікті. Сонымен қатар, осы өнімнің экспортын жауып тастадық. Пиязды қаппен сатып алудың реті жоқ. Бірақ оның саудасына алып-сатарлар да кірісіп кеткенін байқадық. Елордадағы «Магнум» сауда желісінде пияз 130 теңгеден сатылып жатыр», - деді С. Жұманғарин Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, жақында «Магнум» сауда желісінің қызметкерлері тиісті тексеріс жүргізіп, арзан өнімді базарға саудаға шығарған 19 адамды анықтады.

«Мұндай алып-сатар әрекеттер дұрыс емес. Біз осы тауарды қарапайым халық үшін сақтап, 130 теңге сомасында өткізіп жатырмыз. Сонымен қатар, пияздың сапасы нашар деген уәж айтылды. Осыны тексеріп, сапасы жақсы екенін көрдік», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан өңірлерінде тұрақтандыру қорларынан сауда нысандарына пияз жеткізіле бастады.

 

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1554
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3347
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6217