Сенбі, 23 Қараша 2024
1245 1 пікір 17 Ақпан, 2023 сағат 12:23

Сенатор: Жылу тапшылығына олигополия кінәлі!

Елдегі жылу жүйесінің басты проблемасы олигополиядан туындап жатыр. Сенаттың Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің хатшысы Серік Шайдаров Өңірлерді дамытуға арналған Парламенттік тыңдауда осылай деді.

«Елорданы дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Астана қаласында жылу энергиясының тапшылығы 300 гигакалориядан асатынын атап өтті. Осындай проблема Жезқазған, Семей, Тараз, Павлодар сияқты қалаларға да тән.

Барлық осы проблемалардың басты себептерінің бірі – ол олигополия және жылу мен электр энергетикасы кәсіпорындарының аффилиирленуі екенін атап өткім келеді.

Жылу электр орталығының шамамен 60%-ы (37-сінің 22-сі) жеке меншікте, олардың көпшілігі 1990 жылдары жекешелендіру барысында тым арзан бағамен сатып алынды», - деді ол.

Сенатордың сөзіне қарағанда, Қазақстанда өндірілетін электр энергиясының 64%-ы тек 5 компания ға тиесілі.

«Жоғарыда аталған проблемаларды шешу үшін Үкімет «Жылу энергетикасы туралы» Заң жобасын әзірледі.

Бұл құжат бірқатар маңызды новеллалардың болуына қарамастан, қазіргі күрделі жағдайды түзетуге қажет шараларды қамтымайды. Яғни, осы саланың барлық өзекті мәселелерін шешу бағытында нақты заңнамалық түсінік жоқ.

Энергетика министрлігі әкімдіктердің жылу энергетикасын дамытудың мастер-жоспарларын әзірлеу, тарифтерді көтеру және бюджет қаражатын бөлу арқылы жағдайды реттеуге тырысады.

Сондықтан ел экономикасын монополиясыздандыру қажеттілігін ескере отырып, осы заң жобасын ағымдағы сын-қатерлерге барынша бейімдеуді қамтамасыз ету қажет деп санаймыз», - деді Сенат депутаты.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5478