Синоптиктер алдағы аптада Қазақстан территориясының басым бөлігінде жауын-шашынды, желді болады деп болжап отыр
Алматы. 18 тамыз. ҚазТАГ – Синоптиктер алдағы аптада, тамыздың 17-і мен 23-і аралығында, Қазақстанда жауын-шашынды болады, жел соғады деп болжап отыр. «Қазгидромет» РМК-нің осындай болжамы сейсенбі күні «Казахстанская правда» газетінде жарияланған.
Еліміздің батысында аптаның басы мен аяғында күн ашық. Тамыздың 21-22 кей жерлерде өткінші жауын болып, нөсерлетіпсолтүстік-батыстан соққан жел күшейеді. Температура түнде 8-13, кей жерлерде 18, күндіз 23-28, кей жерлерде 33 градус ыстық.
Солтүстікте аптаның басым бөлігінде жауын күтіледі, кей жерлерде нөсерлетеді, жел тұрады да аптаның соңында ғана жауын-шашын басылады. Температура: түнде 10-15, кей жерлерде 7 градус, күндіз 20-25, кей жерлерде 30 градус жылы. Аптаның екінші жартысында температура 2-7 градусқа дейін түседі.
Орталықта апта бойына нөсерлетіп жауын жауады, ұйтқып жел соғады деп күтілуде, тек аптаның соңында жауын басылады. Температура: түнде 13-18, кей жерлерде 8 градус жылы, күндіз 27-32, кей жерлерде 22 градус ыстық. Аптаның соңынада түнгі температура: 5-10, кей жерлерде 2 градусқа төмендейді.
Шығыста апта бойына күн күркіреп, жаңбыр жауады, қатты жел тұрады, тек апта соңында ғана жауын-шашын тоқтауы мүмкін. Температура: түнде 8-13-тен 5-10, кей жерлерде 2 градусқа дейін төмендеп, күндіз 28-33-тен 20-25-ке төмендейді.

Оңтүстікте тамыздың 19-21 аралығында бұлтсыз, ашық, жекелеген аудандарда өткінші жауын жауады деп күтіледі. Температура: түнде 17-22-ден 12-17-ге түседі, күндіз температура 27-32, кей жерлерде 35 градус ыстық болады.
Оңтүстік-шығысында аптаның басы мен аяғында күн ашық болады. 18-22 тамызда нөсерлетіп жауын өтеді де жел күшейеді. Температура ақырындап 15-20-дан 7-12-ге төмендейді, кей жерлерде 15, күндіз 30-35-тен 20-25-ке түсіп, апта соңында 25-30 градусқа көтеріледі.