Сенбі, 23 Қараша 2024
1726 2 пікір 20 Ақпан, 2023 сағат 18:34

AMANAT партиясы 16 емхананың құрылысын бақылауға алады

AMANAT партиясынан депутаттыққа үміткерлер мен оның сенімді өкілдері Станислав Канкуров, Алмат Кодасбаев, Нұрымбек Тау, және Ақмира Садықова «Maksat Med» медицина орталығының ұжымымен кездесті. Еліміздегі медицина саласын дамыту маңызды мәселелердің бірі деген үміткерлер жиылған қауымға партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын айтып берді.

«Медицина саласының негізгі міндеті – өмір сүру ұзақтығын арттыру, азаматтарымыздың денсаулығын жақсарту. Ол үшін денсаулық сақтау саласындағы кадр тапшылығын төмендетіп, медицина қызметінің қолжетімділігі мен сапасын арттыру керек. Бұл – партияның негізгі басымдықтарының бірі», – деп атап өтті кандидаттар.

Қазіргі уақытта Алматыда халық санының өсуіне байланысты қала емханалары бірнеше есе артық жүктемемен жұмыс істеп отыр. Мәселен мемлекеттік емханалардың 60 пайыздан астамында жүктеме 1,7 есе артық. Халық денсаулығы – ең қымбат қазына деп есептейтін аманаттықтар алдағы уақытта Алатау, Әуезов, Жетісу, Медеу, Наурызбай мен Түрксіб аудандарында кедергісіз ортаны қамтитын жаңа стандарттар бойынша салынатын 16 емхананың құрылысын қаржыландыруға ықпал ететіндерін жеткізді.

«Бұдан бөлек, біздің сайлауалды бағдарламаға сәйкес 42 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысандарының қайта құрылуы, жабдықталуы, күрделі жөндеуден өткізілуі бақылауға алатын боламыз. Жұмыс істеп тұрған 10 стационарды кезең-кезеңімен қайта жөндеуден өткізіп, 3 стационардың құрылысын бастау жоспарымызда бар»,-деп атап өтті С.Канкуров.

Үміткерлер қаланың барлық аудандарында жедел жәрдем бригадаларының келу уақытын қысқарту үшін жедел медициналық жәрдем қызметінің 15 қосалқы стансасын салуға және бесеуін қайта құруға ықпал ететіндерін тілге тиек етті. Сонымен қатар білікті мамандарға деген сұранысты азайту үшін медициналық ЖОО оқуға 880 грант бөлу мәселесін оңтайлы шешуді және 10,8 мың медицина қызметкерінің біліктілігін арттыру үшін бастама көтеру көзделген.

Материалдың ақысы Алматы қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы сайлау қорының қаражатынан төленді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5401