Сейсенбі, 29 Қыркүйек 2026
Саңлақ 4193 3 пікір 21 Ақпан, 2023 сағат 13:41

Әлем Ресей мен Беларусь спортшыларына қарсы

Әлемнің 30-дан аса елі Ресей мен Беларусь спортшыларын халықаралық жарыстардан шеттетуді қолдап отыр. Бұл туралы Ұлыбритания үкіметі хабарлады.

Мәлімдемеге АҚШ, Франция мен Ұлыбритания қол қойған. Құжатта бастамаға Ресейдің Украинаға жасаған шабуылы түрткі болғаны жазылған

«Ресей мен Беларусь спортшылары жарыстарға бейтарап статуспен қатысып жүргенімен, бәрібір оларды мемлекеттері қаржыландырады... Беларусь пен Ресей спортшылары халықаралық спорт қауымдастығына өз елдері бастаған соғыс аяқталған кезде ғана қосыла алады»,- делінген мәлімдемеде.

Украина президенті Владимир Зеленский биыл ақпанның басында Ресей спортшыларын Олимпиада ойындарынан шеттету керек десе, Литва, Латвия, Эстония мен Польша спорт министрлері де осыған ұқсас мәлімдемелер жасаған.

Халықаралық Олимпиада комитеті қаңтардың аяғында Украинадағы соғысқа ашық қарсы шыққан Ресей мен Беларусь спортшыларын халықаралық жарыстарға бейтарап ту астында қатыстыра беруді ұсынған.

 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1568
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3182
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1175
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1090