Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3805 0 пікір 1 Сәуір, 2013 сағат 11:04

Алтынайдан айрылдық...

Көзбайлау өнерін кемел меңгерген қазақтың гүлжазира қызы Алтынай Байтоқанова наурыздың 30-ы күні дүние салды. Алматыдағы №12 аурухананың жансақтау бөлімінде белгісіз дертпен арпалысқан аруды ажал құшағынан алып шығу мүмкін болмаған сияқты. Шымылдық пердеге орана беріп қас пен көздің арасында басқаша киініп, тотыдайын түрленіп шыға келетін Алтынайдың өнері иллюзионистер әлеміне ғана тән жұмбақ еді. Сол құпияның шегіне жету үшін Алтынай ғұмыр-тірілігінде еш аянған жоқ. Сондай тәуекелшіл, сондай алғыр жан еді ол. Амал кем... Алтынайдың фәни жалғанға қол бұлғап кете барғаны туралы естіген дәрігер-ғалым, ақын ағамыз Мұхамбедия Ахметов  Facebook әлеуметтік желісінідегі өзінің жеке парақшасына: «Қазақтың атын әлемге шығарып, жарқ етіп көрінген ұл-қыздарымыз жасырын ОҚҚАҒАРМЕН қамтамасыз етілуі керек. Әсіресе шетелге шығатындары (ел ішінде де қорғауда болуы керек). Олар бүкіл ұлтымыздың құн жетпес байлығы деп саналуы тиіс. Олардың жейтін ас-ауқаты, ішетін суына дейін тексеріліп тұруы шарт. Көреалмаушылықтың, дұшпандықтың, қызғаныш деген пәленің "қызыл иті" үрмей келіп қабатынын біздің қазақ неге ескермейді? Қаншама өнерпаздарымыз, ақындарымыз, әлемге таңдай қақтырған спортшыларымыз т.с.с. ҚҰЛАГЕРЛЕРІМІЗ неге қыршыннан қиылып кете береді ? Әййй, қазағым-ай, қойыңды қасқыр қырып кетсе де қораңды бекітпейтінің-ай...» деп жазыпты.

Көзбайлау өнерін кемел меңгерген қазақтың гүлжазира қызы Алтынай Байтоқанова наурыздың 30-ы күні дүние салды. Алматыдағы №12 аурухананың жансақтау бөлімінде белгісіз дертпен арпалысқан аруды ажал құшағынан алып шығу мүмкін болмаған сияқты. Шымылдық пердеге орана беріп қас пен көздің арасында басқаша киініп, тотыдайын түрленіп шыға келетін Алтынайдың өнері иллюзионистер әлеміне ғана тән жұмбақ еді. Сол құпияның шегіне жету үшін Алтынай ғұмыр-тірілігінде еш аянған жоқ. Сондай тәуекелшіл, сондай алғыр жан еді ол. Амал кем... Алтынайдың фәни жалғанға қол бұлғап кете барғаны туралы естіген дәрігер-ғалым, ақын ағамыз Мұхамбедия Ахметов  Facebook әлеуметтік желісінідегі өзінің жеке парақшасына: «Қазақтың атын әлемге шығарып, жарқ етіп көрінген ұл-қыздарымыз жасырын ОҚҚАҒАРМЕН қамтамасыз етілуі керек. Әсіресе шетелге шығатындары (ел ішінде де қорғауда болуы керек). Олар бүкіл ұлтымыздың құн жетпес байлығы деп саналуы тиіс. Олардың жейтін ас-ауқаты, ішетін суына дейін тексеріліп тұруы шарт. Көреалмаушылықтың, дұшпандықтың, қызғаныш деген пәленің "қызыл иті" үрмей келіп қабатынын біздің қазақ неге ескермейді? Қаншама өнерпаздарымыз, ақындарымыз, әлемге таңдай қақтырған спортшыларымыз т.с.с. ҚҰЛАГЕРЛЕРІМІЗ неге қыршыннан қиылып кете береді ? Әййй, қазағым-ай, қойыңды қасқыр қырып кетсе де қораңды бекітпейтінің-ай...» деп жазыпты. Расында, қазақ халқы,  дарынды ұл-қызымызды қашан көзіміздің қарашығындай сақтап үйренер екенбіз?.. Қазақтың қас таланттары  ұлттық құндылықтар есебінде қорғалуы керек.

Алтынай сиқыршылық өнерді Қытай Халық Республикасына барып үйреніп жүрген. Дәрігерлер Алтынайдың қанына белгісіз вирус түскенін айтып отыр дейді сенімді ақпарат көзіне сүйенген www.kalaisyn.kz сайты.

Хош, қайран Алтынай.

Abai.kz ақпараттық порталының  ұжымы

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321