Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4889 0 пікір 1 Сәуір, 2013 сағат 11:41

Ажыхан Сәбиұлы. Тіл білімі институтының ғалымдары Президентті адастырып, халықты шатастырды

Латын әліпбиіне көшу мәселесіне қатысты алуан түрлі ой-пікірлерді алаламай тұрақты түрде жария етіп келе жатқанымыз оқырманға аян. Әліпби ауыстыру жайлы кезекті материалды Қарағанды облысы, Теміртау қаласының тұрғыны, қоғамтанушы Ажыхан Сәбиұлы деген азамат жолдапты. Автор Президен Н. Назарбаев пен    Білім және ғылым министрі Б. Жұмағұловтың назарына қаратып жазған мақаласында Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты латын әліпбиі мәселесінде «Президентті адастырып, халықты шатастырды» деп институт ғалымдарына сын айтыпты. Бұл автордың өз көзақарасы.

Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты аталған материалға жауап берсе немесе әліпбиге қатысты мақала ұсынатын болса, алдағы уақытта міндетті түрде жариялайтын боламыз.

Редакция

 

 

 

 

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың,

ҚР Білім және ғылым министрі

Б.Т.Жұмағұловтың назарына!

 

Латын әліпбиіне көшу мәселесіне қатысты алуан түрлі ой-пікірлерді алаламай тұрақты түрде жария етіп келе жатқанымыз оқырманға аян. Әліпби ауыстыру жайлы кезекті материалды Қарағанды облысы, Теміртау қаласының тұрғыны, қоғамтанушы Ажыхан Сәбиұлы деген азамат жолдапты. Автор Президен Н. Назарбаев пен    Білім және ғылым министрі Б. Жұмағұловтың назарына қаратып жазған мақаласында Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты латын әліпбиі мәселесінде «Президентті адастырып, халықты шатастырды» деп институт ғалымдарына сын айтыпты. Бұл автордың өз көзақарасы.

Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты аталған материалға жауап берсе немесе әліпбиге қатысты мақала ұсынатын болса, алдағы уақытта міндетті түрде жариялайтын боламыз.

Редакция

 

 

 

 

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың,

ҚР Білім және ғылым министрі

Б.Т.Жұмағұловтың назарына!

 

ЗАҢ бойынша ӘЛІПБИ мәселесін жауаптанатын және ғылыми тұрғыдан зерттеп шешетін адамдар ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетіне қарасты «А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты» РМҚК-ның лингвист ғалымдары. Басқа адамдардың «Ойба-ай, мәселені олай емес, бұлай шешу керек» деп жан-жақтан шуылдауы, пікірім деп ойына келгенді айтып халықты шатастыруы, шын мәнінде қоғамды жайлаған берекесіздік ғана. Кейбір қазақ зиялыларының халық тағдырына алаңдағаны орынды, алайда әліпби жайлы уәжі сәл орынсыздау. Себебі, әліпби адамның қалауымен емес, тілдің талабы бойынша Тіл білімі институтында шешілетін мәселе. Мемлекеттік тәртіп пен жүйенің, ұлттық бірлік пен тұтастықтың бұзылмауы, әліпби мәселесінде барлық адамның қаласа да, қаламаса да осы Тіл білімі институтының ғалымдарына бағынып, солардың шешімін үнсіз мойындауы шарт. Тіпті Президент те осы институт ғалымдарының нақты ғылыми тұжырымы бойынша шешім қабылдайды.

Қазақ Президенті әзірше әліпби жайлы қандай бір қаулыға қол қойған жоқ. Дегенмен латын жазуына көшуге дайындалу туралы нұсқау берді. Демек Тіл білімі институтының ғалымдары Президентке латын жазуын қабылдау дұрыс деген тұжырым ұсынған.

Міне, ғажап. «Ет сасыса тұз себесің, тұз сасыса не себебің?» деген. Арнайы лингвистикалық білімі жоқ қарапайым адамдар әліпби жайлы жаңсақ пікір айтып жатса, Тіл білімі институтының ғалымдары жөнге салар. Ал дәл сол ғалымдардың өзі өрескел теріс тұжырым ұсынып, Президент пен халықты оңдырмай шатастырып отырса кімге барып не бетімізді айтамыз!

Қандай әліпби қабылдаудың дұрыс екенін алғаш ф.ғ.д. Ә.Жүнісбеков (1991-жыл, «Ана тілі» гәзеті, №2,3; «Төл жазусыз түгелдік болмас») білікті лингвист ретінде нақты ғылыми тұрғыдан түсіндірді. Кейін басқа да парасатты адамдар баспасөзге жазды. Бірнеше жыл бұрын өзім де ақиқатты айтып, ҚР ҰҒА Академигі Ә.Қайдари ағаға арнайы хат жаздым. Амал не, тірі пенде құлақ аспады.

Тіл білімі ғылымында ҰЛТТЫҚ ЖАЗУ деген ұғым бар. Сәл анығырақ айтқанда, әлемдегі әрбір халықтың өзіне ғана тән ұлттық тілі және ұлттық тілінің табиғатына сай қалыптасқан тек өзіне ғана тән ұлттық жазуы болады. Президент пен халық үкілеп сенім артқан Тіл білімі институтының ғалымдары, шамасы өздеріне ауадай қажет осы ғылыми атауды мүлде білмейді-ау деймін. Егер білсе олар тілі, ділі, діні бөлек басқа халықтың ұлттық жазуын қабылдау туралы жақ ашпас еді.

Әріп - дыбыстың таңбасы. Сондықтан әліпби мәселесін шешкенде басқа ешнәрсеге емес, тек ғана ұлттық тілдің дыбысталуына бағыну шарт! Бұл бір. Екіншіден, жер шарындағы әрбір өңірдің табиғаты қандай әртүрлі болса, сол өңірде өмірге келген ұлттық тілдердің табиғаты да дәл сондай әрқилы. Олардың бітімі мен құрылымы, жүйесі мен дыбысталуы бір-біріне мүлде ұқсамайды. Соған тікелей байланысты бір халықтың ұлттық жазуы екінші халықтың ұлттық тіліне мүлде үйлеспейді. Әрбір халықтың тіліне тек өзінің ұлттық жазуы ғана үйлеседі. Мұны әрбір лингвист білуге міндетті. Амал не, біздің қызметі дардай, атағы таудай филологтар табиғаттың бұл екі заңынан тағы да мүлде бейхабар сияқты.

Латын әліпбиі - батыс Еуропа жұртының ұлттық жазуы. Ал қазақтар орталық Азияны мекендейді.

Біріншіден, тілдердің тегі мен түрі мүлде бөлек. Еуропа тілдері үндіеуропа шоғырының герман және роман тобына кірсе, қазақ тілі алтай шоғырының түркі тобына жатады.

Екіншіден, тілдердің жүйесі мүлде бөлек. Батыс тілдері фонема заңына, ал қазақ тілі үндестік заңына негізделген.

Үшіншіден, тілдердің дыбысталуы мүлде бөлек. Еуропа тілдері мұрын қуысының көмегімен булығып айтылады. Ал қазақтың тілі көмейден таза күмбірлеп шығады.

Төртіншіден, қазақтың ә, ғ, ң, ө, ү, ұ, ш,  ы, қ, і деген 10 әрпі латында мүлде жоқ. Ал латынның q, w, y, f, x, v, c, һ деген 8 таңбасын қазақ тілінен мүлде таппайсыз. Тіпті ұқсас әріптердің өзі екі тілде мүлде екі бөлек аталады. Мәселен, латын әліпбиіндегі «z» қазақша «зы», ал латынша «зет»; «j» - қазақша «жы» латынша «йод» немесе «дыж»; «u» - қазақша «у», латынша «иу»; «і» - қазақша «и», латынша «ай», «а» - қазақша «а», латынша «ей», т.б.с.с. Сондай-ақ, екі тілдегі дыбыс пен дауыстылар саны да мүлде бөлек.

Бір сөзбен, латын жазуы қазақтың тіліне ешқашан үйлеспейді!

Керек десеңіз, латын әліпбиі айдаладағы қазақ тілі түгілі, кейбір еуропа халықтарының тіліне үйлеспейді. Соның салдарынан олар бір дыбысты жазу үшін кейде латынның бірнеше әрпін қосақтап, кейде екі әрпін кезек пайдаланып, кейде керісінше бір әрпімен екі дыбысты таңбалап үлкен қиындық көріп отыр. Осыған байланысты ағылшын ғалымдары кезінде әліпби өзгерту мәселесін зерттеген. Біздің лингвист ғалымдардың мұны білмеуі ұят.

Есімізде болсын, бір халықтың ұлттық жазуын екінші халықтың ұлттық тіліне үйлестірудің жалғыз жолы бар. Ол - зорлық! Бір ғажабы зорлық тек тілге ғана жасалмайды. Сонымен қатар халықтың сана-сезіміне, дүниетанымына, тәуелсіздігіне, мәдениетіне, экономикасына, намысы мен беделіне, тарихы мен болашағына тұтас жасалады. Соның салдарынан ұлт жойылып кетеді немесе мүгедек болып қалады. Тарихтан белгілі, күні бүгінге дейін әліпби мәселесін отарлаушы надандар қарудың күшімен шешіп келді. Амал не, біздің лингвистер маман ретінде сол әділетсіздікті батыл әшкерлеп тарихи әділеттілік орнату туралы айтудың орнына өздері сол отарлаушылар жасаған надандықты жанталаса қолдайды.

Ұлттық жазудың пайдасы ұшан теңіз. Ол әсіресе ұлттық мүдденің бірден-бір қорғаны. Ұлттық жазу тіпті әлемнің қай еліне барса да халқының мүддесін қорғап тұрады. Қазақтың бір кезде мәдениеті дамыған, қуаты тасыған ұлы халық болғанын әлемге паш етіп сонау Орхон бойында көне түркі жазуы жатыр.

Зорлықтың аты - зорлық. Тілімізге мың рет бейімдесек те латын жазуы атын да, затын да сақтап қалады және өмір бойы қазақтың мүддесін аяққа таптап Батыстың рухани, саяси және экономикалық үстемдігін орнатады. Мұны өте жақсы білетін еуропалықтар қызыл одақ құлаған күні қазаққа «ақыл» айта бастады. Амал не, біздің ғалымдар не маманын жетік білмейді, не ұлттық жазудың пайдасын пайымдай алмайды, не еуропалықтардың жымысқы саясатын түсінбейді. Сонда олар қандай адамдар?

Олар біліктілік, тектілік танытып, ұлттық жазуды қару қылып жаһандану атты жалмауыздан ұлтын қорғаудың орнына біліксіздік, шарасыздық танытып апандай ашылған аранға аяулы халқын аямай лақтыра салады. Қайран Абай «Заманға жаман күйлемек, замана оны илемек» деп қалай айтқан.

Олар компьютер мен телефонға бағынып әліпби мәселесін шешпекші. Сонда деймін-ау, олар қыл аяғы әуелі тілдің пайда болғанын, техниканың тілге бағынып дамитытынын да шынымен-ақ білмей ме? Сонда олар қалайша ғалым болып, қалайша мемлекеттік институтта қызмет атқарып жүр!

Егер қателеспесем, олар тіл білімімен мүлде айналыспайды. Есесіне компьютер бағдарламасы, пернетақта өндірісі, ақпарат кеңістігі, түркі тұтастығы сынды өздерінің міндетіне жатпайтын және тіл біліміне мүлде қатысы жоқ мәселелерге бас қатырып оңбай қателеседі. Бұлақтың басынан тұнатыны олардың үш ұйықтаса түсіне кірмейді.

Ең сорақысы, олар саясатпен ауырып қалған. Айтатындары тілге қатысты ғылым емес, тілге қатысты саясат. Тіл білімі институты саясаттану институтына айналған. Олар үшін ұлттық жазу жайлы айтқан адам нағыз ұлтшыл, надан, кертартпаның дәл өзі. Ал ұлттық жазуымыз аумайтын тас ғасырдың динозавры. Ұлттық жазудың ұрпақ алдындағы ұлық міндеті мен латын әліпбиінің халықаралық қызметі мүлде екі бөлек нәрсе. Амал не, соны ажыратуға біздің лингвистердің «жетіліп» кеткен түйсігі мұрша бермейді. Олар біліксіздіктің кесірінен Батыстың басқыншылық саясатына негізделген еуроцентристік көзқарас пен космополитизмнің құрбаны болған. Ескерте кетейін, мұның екеуі де күні өткен, жарымжан және аса қатерлі идеялар!

Біздің лингвистер шынында да «керемет». Кейде тиын санап, әліпби өзгертуге кететін қаржыны есептеп экономист болып кетеді. Кейде көріпкелге айналып, қолына қартасын алып «Қытай, орыс бастаған әлемнің барлық халқы келешекте латынға көшеді» деп бал ашады. Кешіріңіздер, біріншіден, қытай, орыс, жапон, араб халықтарының лингвистері қазақтың немесе өзбектің лингвистері сияқты біліксіз емес. Екіншіден, олар ұлттық жазудың ұшан-теңіз пайдасын көріп, ұлттық жазудың арқасында ғылымы мен экономикасын дамытып, ұлттық мүддесі мен ұлттық намысын қорғап, тәуелсіздігін нығайтып абыройын асырып отырған ұлы халықтар. Олар надандыққа ешқашан жол бермейді.

Қазақ Батыс қылғымай жұтатын өзбек пен әзірбайжан сияқты майда халық емес. Әйгілі Түрік қағанатының Әз ордасында отырған, Тәңірі қолдаған текті халық. Ұшқан бақ қонады. Тәңірі қаласа, қазақ келешекте білікті лингвистер тәрбиелеп, өзінің ұлттық жазуына көшіп, рухын түлетіп, ұлттық мүддесі мен ұлттық намысын қорғап, ғылымы мен экономикасын дамытып, тәуелсіздігін нығайтып әлемдегі ұлы халықтардың қатарына қосылады. Мен оған нық сенемін!

Амал не, Тіл білімі институтының ғалымдары басқаның ұлттық мәдениетіне жармасып, майда-шүйде халықтарға еліктеп елдің абыройын төгумен қатар, халықтың тағдырын ойыншыққа айналдырды. Қазақ енді ұлттық жазуға көшу үшін бір емес, екі рет әліпби өзгертіп сорлайтын болды. Өте өкінішті. Олар ұрпақ алдында сөзсіз жауап береді.

Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы ширек ғасыр бойы әліпби мәселесіне қатысты өте салиқалы саясат жүргізіп, латын жазуын қабылдаудың өрескел теріс болуы мүмкін екенін ескеріп, сары алтындай сабыр сақтады. Амал не, Елбасын үнемі «жайбасар, орысшыл» деп айыптап келген, шетелдіктерге арқа сүйеген ғалымдар ақыры арманына жетіп ақ жолдан адастырып тынды. Ең өкініштісі, халыққа теріс нұсқау бергізу арқылы Президентіміздің абыройына үлкен нұқсан келтірді. Бұл сөз жоқ, заңмен қаралатын мәселе.

Дегенмен, бізде уақыт бар. Егер тезірек қимылдаса, жіберген саяси қатесін мойындап, Президент пен халықтан ресми түрде кешірім сұраса Тіл білімі институтының ғалымдары атақ абыройын да, халқын да қорғап қалады. Жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ болмайды.

Қатты айтсам ғафу етіңіздер!

Қоғамтанушы Ажыхан Сәбиұлы

Теміртау қаласы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321