Жұма, 22 Қараша 2024
Билік 1955 2 пікір 23 Ақпан, 2023 сағат 14:30

ІІМ: «Журналистерге қастандық жасауға тапсырыс бергендер туралы айтуға әлі ерте»

Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев осылай деп мәлімдеді.

«Журналистерге жасалған шабуылдардың барлық фактілері бойынша осы әрекеттерді жүзеге асырған тұлғалар анықталды, ұсталды, қазір тергеу жүргізілуде. Қылмыс себептері, оның артында кім тұруы мүмкін деген сұрақтар тергеу барысында анықталады. Қазір тапсырыс берушілер, мүдделі болған адамдар туралы айтуға әлі ерте»,-деді ол.

Естеріңізге сала кетейік, 21 ақпанда Ішкі істер министрлігі журналистерге жасалған шабуылдар фактілері бойынша 18 адам ұсталды және барлық қылмыстар ашылды деген ақпарат таратты. Келесі күні, 22 ақпанда, журналист Данияр Молдабековке шабуыл жасалды.

Елімізде журналистерге қастандық әрекеттері: қорқыту, мүлкін өртеу тағы басқа да қылмыстар 2022 жылдың қыркүйегінен бастап жалғасып келеді.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321