Жұма, 15 Мамыр 2026
2929 7 пікір 24 Ақпан, 2023 сағат 12:25

Қазақстанға АҚШ Мемлекеттік хатшысы келе жатыр

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен алғаш рет Қазақстанға сапарлайды, деп хабарлады Қазақстан СІМ.

«28 ақпанда АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға өзінің алғашқы сапарын жасайды. Астанада болуы барысында Мемлекеттік хатшыны Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қабылдайды және ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді онымен екіжақты келіссөздер өткізеді. Сол күні Астанада Э.Блинкен және Орталық Азия елдерінің сыртқы саяси мекемелері басшыларының қатысуымен С5+1 форматындағы Министрлік кездесу өтеді. Күн тәртібі өңірлік ынтымақтастық және АҚШ-пен серіктестік мәселелерін одан әрі дамытуды қамтиды», - делінген хабарламада.

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2756
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1873