Жаңа телехикая – «Достар»
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасында 9 сәуір күні «Достар» атты жаңа отандық телехикаяның тұсауы кесіледі. Бұл туралы «Қазақстан» АҚ» рспубликалық телерадио кешенінің баспасөз хатшысы Танакөз Толқынқызы хабарлады.
«Достар» телехикаясы еліміздің беделді, алдыңғы қатарлы оқу ордасының студенттерінің күнделікті өмірі, болашаққа жасалған жоспары мен қарапайым ғана адами қарым-қатынасы туралы болмақ. Көп сериялы фильм алты студент: мұнайшы-технолог, биолог, инженер, тіл маманы, социолог маманы арасында өрбиді. Мектеп қабырғасындағы тек кітаби біліммен келген таным-түсінік пен өмірдің өзінен алынған сабақ, сезім мен бақталастық, адалдық пен астамдық, ауылдан келген ұяңдық пен қаланың тәкаппарлығы туралы қарама-қайшылыққа толы телехикая көрерменді бейжай қалдырмасы анық. Еліміздің таңдаулы оқу орнына түсіп, елорданың жас тұрғыны атанған студенттердің арман-қиялы мен таным-түсінігі әр түрлі. Алуан түрлі көзқараспен келген адамдардың тағдыры бір алаңда тоғысады. Ол - махаббат алаңы. Өмірдің ең қызықты шағы - студенттік өмірдің қызығы мен шыжығын бірге көрген жастардың қарапайым адами қарым-қатынасын баяндайтын бұл телехикая мелодрама, комедия элементтері арқылы негізгі идеологиялық принциптер мен құндылықтарды насихаттауға бағытталады.

«Қазақстан» ұлттық арнасынан 9 сәуірден бастап дүйсенбі мен бейсенбі аралығында сағат 21.50-де «Достар» телехикаясын тамашалаңыз.