Жұма, 22 Қараша 2024
Дабыл 5014 11 пікір 1 Наурыз, 2023 сағат 11:44

Ресей қазақ уранына қол салды...

Ресейлік «Росатомның» еншілес компаниялары Қазақстанда уран өндірісімен айналысатын 3 ірі кәсіпорынның үлесін алмақ. Бұл туралы «КазТАГ» хабарлады.

Қазақстан уранынан қомақты үлес алатын компания атауы - «Ураниум Уан Груп». Ол Мәскеуде тіркелген және Ресейлік ірі «Росатом» мемлекеттік окрпорациясының мүшесі.

Ал Ресейлік«Ураниум Уан Груп» компаниясына үлес сатуға рұқсат берілген Қазақстандық 3 ірі кәсіпорын: Uranium One Netherlands B.V., Uranium One Utrecht B.V. және Uranium One Rotterdam B.V.

«1. Uranium One Netherlands B.V. компаниясына «Қаратау» ЖШС қатысу үлесінің 50% -ын «Ураний Уан Груп» пайдасына иеліктен шығаруға рұқсат етілсін. 2. Uranium One Utrecht B. V. компаниясына «Хорасан-U (Хорасан-У)» бірлескен кәсіпорны ЖШС қатысу үлесінің 30%-ын «Ураний Уан Груп» пайдасына иеліктен шығаруға рұқсат етілсін. 3. Uranium One Rotterdam B. V. компаниясына Оңтүстік тау-кен - химия компаниясы «Бірлескен кәсіпорны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі қатысу үлесінің 70%-ын «Ураний Уан Груп» пайдасына иеліктен шығаруға рұқсат етілсін», - делінген Қазақстан Үкіметінің қаулысында.

Осылайша Ресейлің «Росатом», дәлірек айтсақ, оның еншілес компаниясы Қазақстандық 3 бірдей ірі кәсіпорыннан қомақты үлес алмақ.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321