Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 4196 0 пікір 3 Сәуір, 2013 сағат 06:31

«Анкара Қазақ Жастары» бірлестігі Наурыз мерекесіне орай басқосу өткізді

Кеңестер Одағы тұсында, 1926 жылы ресми тойлануына тыйым салынған Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мерекесі 62 жылдық үзілістен соң 1988 жылдың көктемінде қазақ топырағында қайта мерекелену мәртебесін иеленген болатын. Үстіміздегі жылдың 30 наурызы күні 25 жыл толып отырған осынау тарихи оқиғаны атап өту мақсатында «Анкара Қазақ Жастары» бірлестігі басқосу ұйымдастырды.

Мазмұнды мәжіліске «Түрік Ошақтары» қоғамдық бірлестігінің Бас хатшысы, доктор профессор Орхан Кавунжу мырза құрметті қонақ ретінде қатысып, Наурыз мерекесінің шығу тарихы турасында тұщымды баяндама жасады. Білікті ғалым мәртебелі мерекенің мәнін аша, тамырынан тартып, сансыз ғасырды артқа тастап, бүгінімізге жеткен байтақ жолын кеңінен әңгімелей келе, әр халықтың өзіне тән мерекелеу дәстүрінен  қилы мысалдар келтірді. Түрік тектес ұлыстардың Әз Наурызды мерекелеу ерекшеліктеріне айрықша тоқталып, салт-санасындағы серпіліске септігін де сөз етті.

Ширек ғасыр бұрын ұлық мерекенің ресми атап өтіліп, тарихи әділеттіліктің орнауының басында тұрған айтулы тұлғаларымыздың бірі, арқиық ақын Мұхтар Шаханов ағамыздың «Наурыз осылай оралған немесе Колбинмен текетірес» тақырыбындағы мақаласы жан-жақты талқыланды.

Желтоқсан көтерілісінен соң еңсесі түскен ұлтымыздың көңіліне көктем орната оралған мейрамның ресми мәртебеге жетуі жолындағы табанды күрес шежіресіне айналған мақаланың мазмұны жастарды айрықша тебіреніске түсіріп, мақсатқа жету жолында тізе қоса қимылдаған есімі елге елеулі тұлғаларымыздың қажырлы еңбектері сүйіндірді.

Заңғар жазушы Шыңғыс Айтматов пен Мұхтар Шахановтың арасындағы айнымас достық хақында түсірілген талантты режиссер, марқұм Бекқал Әбіштің «Қос бәйтерек достығы» деректі фильмінің үзіндісі болып табылатын, Наурыз мерекесінің оралуына арналған бейнероликтің назарға ұсынылуы - басқосудың бағасын өсіре түсті.

Тарих тіріліп, терме толқып, күй күмбірлеген кештен білімпаз жастар үлкен әсермен тарқасты.              

Мырзахан Байболов,

Гази Университеті Журналистика мамандығы бойынша докторант

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1539
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3329
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6076