Фазылбек Әбсаттарұлы. Мына жүйе төрімді көріме айналдыруы мүмкін...
Қадірлі журналистер!
Әділетсіздікке жанымның қас екені мені танитындар үшін белгілі жағдай. Ал, қоғамдағы қандай да бір шектен шыққан әділетсіздіктерге қарсы күресте жеңіп шығуымыз үшін бәрімізге нақты дәлелдер мен құжаттар керек екені даусыз. Осы күнге дейін түрлі әділетсіздіктерге қарсы бел шешіп кірісе алмаған себебім, көмектескім келген азаматтардың не құжаты түгел емес, не әйтеуір ісінде бір кемшілігі болып жататын. Бұл жолы әділетсіздік басымнан өтіп жатқаны үшін тиянақты түрде құжаттарымды реттеп, шектен асыра шығып кеткен әділетсіздікке қарсы 3 жыл дайындықпен күресіп келемін. Қысқаша айтқанда, Астанадан сатып алған 1 бөлмелі пәтерімді Астана қалалық әкімшілігі тартып алып жатыр. Кездескен журналистердің бәріне: «Бұл мәселеге қоғамдағы шектен шыққан әділетсіздіктің көрінісі ретінде қарасаңыздар атсалысыңыздар, ал егер бұған менің жеке мәселем деп қарасаңыздар араласпауларыңызды сұраймын», - деп ашып, нықтап айтып алдым. Себебі, алдыма қойған мақсатым - осы төрт құбыласы түгел құжаттарыммен мемлекеттік органдардың шектен шыққан әділетсіздіктерін, жалпы айтқанда қоғамдағы көп мәселелердің тығырыққа тірелгендігін ашып көрсету. Оған көбіне көп өзге ұлттардың Қазақстан жерінде қазақтарды езіп-жаншып, қорлық көрсетіп жатқаны себеп болды. Және бұл жағдайға бірде-бір қазақтың бас көтеруге шамасы жетпей бейшара күйін көргенім шыдамымды тіпті тауысып кетті.

Қазақстанның қай жерінде болсақ та әділетсіздікке ұшырап жатқан, қорлық көріп жатқан, бейшара күй кешіп жатқан қазақ ұлты екенін ендігі жасыра берудің қажеті жоқ. Еліміздегі ең ауыр, лас жұмыстарды қазақтар атқарады, базарда арба сүйреп жүрген тек қана қазақтар. Қалада жатақхана, саяжай жалдап, өзге ұлттың пәтерін жағалап жан сауғалап бейшара күйде жүрген негізінен қазақтар.
Осыған ұқсас мысалдарды Қазақстанда 100 мыңдап емес, миллиондап келтіруге болады. Қысқасы қазақтар өз елінде өгей халге жеткенін, барлық саланы өзге ұлттардың бақылауға алып жатқаны бұлтартпас дәлел бола алады.
Алыстан мысал іздемей-ақ, 3 жылдан бері басымнан өтіп жатқан жағдай да біршама жайтқа көз жеткіздім.
Барлығы түсінікті болуы үшін жағдайды қысқаша баяндар болсам: «Корпорация Астана-Стройинвест» ЖШС (президенті А.Н. Лян) және «WS-T» ЖШС-нан (Сергей Акбиев) 07.09.2009 күні № 8/07 келісім шарты бойынша 1 бөлмелі пәтер сатып алған едім. Алайда аталған корпорация 1,5 айдан кейін, яғни 11.17.2009 күні Астана қаласының Құрылыс басқармасына (бастығы В.Лютов) сатып жіберіпті. Осыдан кейін көп уақыт өтпей аталған корпорация менімен жасасқан келісім-шартты бұзу үшін 2010 жылдың тамыз айында сотқа жүгінді. Келтірген дәйектері күлкілі һәм сылтау екені тайға басқан таңбадай еді. Нәтижесінде Астана қалалық сотының барлық инстанциялары: Апелляциялық инстанциясы сотының қаулысы мен Астана қалалық соты Кассациялық сот алқасының қаулысымен келісім шартым толығымен күшінде қалдырылды. Ал Астана қаласы Құрылыс басқармасының 02.08.2011 №3452 хатында өздері көрсеткендей «2009 жылы 17 қарашада жасалған № 9/6-НС шартына сәйкес мансардтағы пәтерлердің бір бөлігін сатып алды» деп жазады. Осы шартқа сүйене отырып менің пәтерімді сатып алғандарын айтады. Біріншіден, олар 2009 жылдың 17 қарашасында сатып алған болса мен оны олардан бұрын 2009 жылы 7 қыркүйекте сатып алғанмын. Және менің келісім-шартым соттың қаулысымен толықтай күшінде. Енді ойлап көріңізші соттың шешімімен толықтай күшінде тұрған келісім-шарт заңды ма, әлде сатып алу мерзімі кейіннен және сот шешімінсіз келісім-шарт күшінде ме? Яғни бір пәтерді екі рет сатып отырған «Корпорация Астана-Стройинвест» ЖШС-нің және Астана қаласының Құрылыс басқармасы аталған пәтердің сатылғанынан хабардар бола отырып, мемлекеттік бюджеттің қаражатын талан-таражға салып, коммерциялық ұйымның мүддесі үшін жасаған әрекеттерін қалай түсінуге болады?
Нәтижесінде, Құрылыс басқармасы бұл мәселені сот арқылы шешуімді сұрап хат жазған болатын. Соттың соңғы шешімі 01.11.2011 күні менің заңды құқымды қорғап шешім шығарды. Алайда Құрылыс басқармасы бұл соттың шешіміне де қарамастан, яғни барлық жағдайдан хабардар бола отырып, 16.03.2013 күні алыс-беріс актісі арқылы «Қалалық жылжымайтын мүлік» РМК-не беріп жіберген. Ал «Қалалық жылжымайтын мүлік» РМК осының негізінде әділет органдарына тіркетіп, пәтерімді басқа біреуге жалға беріп жіберген. Аталған мемлекеттік органдардың Сот шешімдерін орындамағаны былай тұрсын, енді олар мені үйден күштеп шығару туралы хабарлама жолдап үлгерді.
Енді сотқа жүгініп жатқаныммен сенімімнің аз екенін жасырмаймын. Себебі, 2011 жылғы 5 тамызда Астана қаласы Алматы аудандық соты судья А.Асанова "пәтерде, төлеген қаржы да жоқ" секілді шешім шығарған-тын. Осылайша соттың әділетсіз шешім шығара алатынына куә болғанмын. Бірақ артынша бұл шешімнің әділетсіз екендігін қалған инстанцияларда дәлелдеп шешімді өзгерткенмін. Ендігі бұдан да қиын болып тұрғаны «мемлекеттің мүддесін қорғау мақсатында» деп сотта мемлекеттік органдардың жеңіп шығу мүмкіндігі мол екенін, яғни ашық түрде пәтерімді тартып алу ықтималдығы басым.
Бұл жалған өмір - сынақ. Қазір барсың, сәлден соң жоқсың. Сондықтан аталған мәселе бойынша жүйкеме салмақ түсіргенде емеспін. Осы мәселе бойынша елдің ең басты бетке ұстар азаматтарының алдына барып, жағдайды айттым. «Адамнан сұрағанның екі көзі шығады, Алладан сұрағанның екі бүйірі шығады» деген ұстанымды ескеріп, олардан бірдеңе дәметіп емес, осындай шектен шыққан әділетсіздіктерге қарсы не істер екен деп сынап шықтым. Еліміздегі әділетсіздіктерге қарсы күресуші, демократияның ұйытқысы саналған азаматтар мен зиялылар, беделді деген қоғам-мемлекет қайраткерлері, шенеуніктері де бар арасында. Өкінішке орай, ырымға селк еткен біреуін көрмедім. Тек қарақан басының мәселесі ғана қызықтырардай әсер қалдырды. Яғни қоғамымыздағы жағдайға, әділетсіздіктерге бас қатырар басшылар, зиялылар жоқ десек те болады. Сондықтан болар қоғамымызда көз көріп, құлақ естімеген жауыздықтар мен осындай бассыздықтар белең алды деп ойлаймын. Себебі қоғамның ол дертін емдер азаматтары, зиялылары, басшылары жоқтың қасы.
Қорыта айтқанда, журналистер қауымына - Сіздерге қарата бұл жағдайды баяндап жатқандағы басты мақсатым, егерде сот органдарынан, жалпы мемлекеттің барлық органдарынан еш әділеттік таба алмай жатсам, соңына дейін күресетінімді жеткізсеңіздер. Қоғамда болып жатқан пәтерін тартып алу кезінде жоғары қабаттан өз өзін тастау, не өз-өзін өртеу секілді әрекеттер жасай алмаймын, қолымнан келмейді. Керісінше шектен шыққан әділетсіздіктерді жасап, қылмыс әлемін құрып, қоғамның берекесін кетіріп жатқан, қызмет бабын пайдаланып азаматтардың заңды пәтерін тартып алып жатқандарды елдің болашағы үшін, тыныштығы үшін жазалап, әділеттік орнату үшін соңына дейін күресетінімді және осы жолда мені атып тастап, артынша террорист етіп, мәселені жауып тастамауы үшін осылай алдын ала жағдайды жариялап отырмын. Себебі жағдайды жарияламастан күрескен 3 жыл ішінде түсіндім, бұлар ешнәрседен тайынбайды екен. Егер де осы мәселені Сіздер - журналистер қауымы қоғамға жеткізсеңіздер және мен ертең құрбан болып жатсам, түпкі себебін білсеңіздер және елімізде әділеттік орнату үшін халықты жұмылдыруға атсалыссаңыздар. Алдағы уақытта шектен шыққан әділетсіздіктер төңірегінде халық ұйысып, бір өзгеріс бола ма деген үмітім бар.
08.04.2013
Masa.kz