Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3740 0 пікір 10 Сәуір, 2013 сағат 05:45

Зекет қоры: қаржы қайда жұмсалуда?

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанынан ашылған Зекет қоры жинақталған ақшаның қайда жұмсалып жатқаны туралы хабарлайды.

Әуелі қордың мақсаты мен жұмысына аз-кем тоқталсақ. ҚМДБ Зекет қоры - әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және қоғамға пайдалы игі де ізгі мақсаттарды жүзеге асыру үшін құрылған коммерциялық емес ұйым. Қордың негізгі мақсаты - Қасиетті Құран Кәрім мен пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) сүннетін басшылыққа ала отырып, шариғат үкімдеріне сәйкес зекеттің жинақталуы мен таратылуын жүзеге асыру. Сонымен қатар, қордың Жарғысына сәйкес, өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын шалғайдағы ауыл мешіттеріндегі дін қызметкерлеріне жалақы беріледі.

Осы күнге дейін Зекет қорына 52 682 143 (елу екі миллион алты жүз сексен екі мың бір жүз қырық үш) теңге жинақталды. Бұл - халықтың діни сауатын ашуға, Ислам насихатын көркейтуге, имам-молдалардың әлеуметтік мәселесін шешуге, т.б. сауапты істер мен қайырымдылық шараларға үлес қосам деген ниетті көздеген кәсіпкерлердің, дін жанашырларының, жеке тұлғалардың берген зекеті.

Діни басқарма еліміз бойынша жинақталған қордың есебінен өзін-өзі қаражатпен қамтамасыз ете алмайтын 144 ауыл имамдарына 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап 20 мың теңге мөлшерінде жалақы бере бастады. Ендеше, қай облыстан немесе өңірден қанша қаржы жиналды? Қайсы аймақтан қанша имам-молдаларға жалақы берілуде? Төмендегі кестеге көз жүгіртсеңіз болғаны. Жауабы дайын. Сонымен...

Облыс, қала, өңір

Имам-молдалар саны

жалақы мөлшері (теңге)

Жинақталған қаржы мөлшері (теңге)

1.

Алматы қаласы

8

20 000

8 720 352

2.

Ақтөбе облысы

376 060

3.

Ақмола облысы

30

20 000

8 570 000

4.

Алматы облысы

18 750

5.

Астана қаласы

3 295 000

6.

Атырау облысы

15

20 000

3 053 234

7.

Батыс Қазақстан облысы

31

20 000

10 014 850

8.

Жамбыл облысы

5

20 000

2 068 225

9.

Жезқазған аймағы

2

20 000

495 000

10.

Қарағанды облысы

7

20 000

1 711 728

11.

Қостанай облысы

15

20 000

4 411 331

12.

Қызылорда облысы

5

20 000

1 269 000

13.

Маңғыстау облысы

5

20 000

1 245 570

14.

Оңтүстік Қазақстан облысы

2

20 000

613 260

15.

Павлодар облысы

10

20 000

3 388 921

16.

Семей аймағы

2

20 000

535 352

17.

Солтүстік Қазақстан облысы

5

20 000

1 750 852

18.

Талдықорған аймағы

2

20 000

767 450

19.

Шығыс Қазақстан облысы

377 208

Барлығы

144

52 682 143

2013 жылдың алғашқы үш айында (қаңтар, ақпан, наурыз) ҚМДБ Зекет қорынан имам-молдаларға берілген жалақы мөлшері - 7 548 000 (жеті миллион бес жүз қырық сегіз мың) теңге.

Әр аймақтан жинақталған қаражат сол өңірдің мешіт қызметкерлеріне айлық есебінде жұмсалады. Мәселен, Ақтөбе қаласы әкімшілігі дін жанашырларының, кәсіпкерлердің көмегі арқылы 50 400 000 (елу миллион төрт жүз мың) теңге зекет берді. Осы зекеттен облыстық имам-молдаларға жалақы беріліп, бұдан бөлек мешіттердің коммуналдық шығындарына, жөндеу жұмыстарына жұмсалуда.

Бүгінде ҚМДБ-ның аймақтағы өкіл имамдарының ұсынысымен осы тізімдегі имам-молдалардан бөлек дін қызметкерлеріне айлық тағайындау жалғаса бермек.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408