Сенбі, 23 Қараша 2024
Аймақ 2858 6 пікір 15 Наурыз, 2023 сағат 13:17

Ресей әншілері Қостанайға «көшіп» келді...

Жалпы, ана тіліміздің еліміздің терістігіндегі мүшкіл халі бүгіндері ешкімге де таңсық емес. Бұл жерде өзге тілдің басымдылығы қайда барсың да «мен мұндалап» қарсы алдыңан шыға келеді. Осы өңірге әкім болып келгендердің барлығы дерлік алдымен қазаққа, оның тіліне емес, орынтағына жайғасқан бойда өзге ұлт өкілдеріне, оның тіліне басымдық беругуе тырысады.

Мәселен, мен біздің Қостанай облысында өткен алқалы жиындардың бірінің де ана тілімізде өткендігін естіген де, көрген де емеспін. Ол түгілі қазақша жазылған арыз-шағымдарға да «жүрдім-бардым» қарайды. Ана тілімізден шығатын азғантай ғана басылымдарға да көзқарас осындай.

Мұны аз десеңіз, көрші Ресей елінің әнші, әртіссымақтарын төрімізге шығарып, талтаңдатып қоятын өз қандастарымыздың осындай сорақы қылығы да ана тілімізбен қатар, мәдениетімізді де тұқырта түсетін сыңайлы.

Мәселен, жақында ғана осындағы «Глория» деп аталатын мейрамханалық-қонақ үйлік кешеннің директоры Гүлвира Құдайқұлова бәрімізді де жерге қаратып кетті. Бұл ханым Ресейдің белгілі әртістері мен әншілерінің фанерлік манекендерін өз мейманхансына іліп қойып, жерден жеті қоян тапқандай елден ерекше қуанып отыр. Гүлвира Жәзитқызының айтуына қарағанда, бұл жерге Ресей әншілері сонау алдыңғы жыл-ақ, қоныс тепкен екен. Ал былтырғы жылы оларға Валерий Меладзе мен Дима Билан қосылып, қарасы күрт көбейіпті. Енді бұл іскер әйелдің ойынша мейрамханаларға адам лық толатын көрінеді.

Мүмкін, солай да шығар, кім біліпті?.. Пайда табудың көзін білетін жандарға қарсы айтар дауымыз жоқ. Алайда осынау көрші елдің әншілерінің қатарынан өз талантарымызға орын тиюмеуін немен түсіндіреміз? Меладзе мен Биланға тең келетін әнші бізде мүлдем жоқ болғаны ма? Өзгесін былай қойғанда, атағы күллі әлемге жайылған Димаштың өзі неге тұрады? Мүмкін, әңгіме ол жерге қоюға лайықты әншілеріміздің табылмауында емес шығар? Бәлкім, мұның астарында өзіміздің төл өнерімізге мұрын шүйіре қарау, оларды орыстардың қасында екінші сортты санау секілді көршімізден жұққан ауру ма екен? Айтпақшы, Ресейдің әншілерінің барлығы дерлік Путиннің Украинаға жасаған агрессиясын ашық қолдағандары бәрімізге белгілі. Ендеше, осындай әншілерді бізге әкеліп насихаттау арқылы біз олармен тілектес екендігімізді білдіріп отырмыз ба?

Жалпы, ойланбай істеген істен түбі опық жейтінімізді ұмытпаған жөн шығар.

Жайберген Болатов

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5480