Жексенбі, 22 Желтоқсан 2024
Саясат 28558 0 пікір 20 Наурыз, 2023 сағат 14:44

Қытай мен Ресейдің сауда қатынасы жанданып келеді

Өткен жылы Қытай мен Ресейдің сауда-саттық айналымы 190 миллиард доллардан асып, 2021 жылмен салыстырғанда 29,3 пайызға артқан.

Қытай 13 жылдан бері Ресейдің ірі сауда әріптесі болып келеді. Екі елдің сауда-саттықтағы байланысы энергия саласымен ғана шектелмей, әр тараптанып, барлық бағытта дамуға қол жеткізген.

Қытай компаниялары Ресейдің дәстүрлі мұнай, ағаш өңдеу саласын игеруден бастап, машина жасау, тұрмыстық техника, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуге дейін қомақты инвестиция салған.

Ресейдің ауа-райы, отбасылық ерекшеліктеріне қарай машина үлгілерін жобалап, сатып, ресейліктердің қалауынан шыққан.

Сондай-ақ тоңазытқыш, кір жуу машинасы қатарлы энергия үнемдейтін өнімдерді де экспорттайды.

Қытай компаниялары екі ел арасындағы құрлық, су жолдарын, көпірлер салып қана қоймай, жақында іске қосылған Мәскеу метросы жаңа бағытының 71 шақырымын жүзеге асырған.

Ресейдің Қытайдағы елшісі Моргулов орыс ауылшаруашылық өнімдерінің Қытайда ерекше сұранысқа ие екенін айтуда.

Сонымен бірге Қытай Ресейден қағаз қоймалжыңы мен картондарға көп тапсырыс береді екен.

Екі елдің сауда байланысының артуына Қытай тарабының «Бір жол, бір белдеу» жобасы мен Ресей жетекшілігіндегі Еуразия экономикалық одағы жарқын жол ашқан.

Екі ел сауда байланысын дамытудың болашақ бағыты ретінде сандық экономика, жасыл энергия көздерін дамыту, биологиялық дәрі-дәрмек саласындағы әріптестікті күшейту деген ортақ түсінікке келген.

Екі тарап жаңа белесті бағындыру үшін сандық технология мамандарын дайындау, электронды сауда, 5G-ды дамыту мақсатында инвестиция көлемін арттырмақ.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1961