СҚО-да су тасқыны бойынша жағдай ушықса, облысқа ТЖМ бөлімшелері жөнелтіледі - Божко
Алматы. 11 сәуір. ҚазТАГ - Солтүстік Қазақстан облысында (СҚО) су тасқыны бойынша жағдай ушықса, облысқа ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің (ТЖМ) күш-құралдары жөнелтіледі, деп хабарлады ведомство басшысы Владимир Божко.
«Мен СҚО-дасу тасқыны бойынша жағдай ушыққан жағдайда, обысқа ҚР ТЖМ күштері мен құралдарын жіберу туралы шешім қабылдадым», - деп жазыпты В.Божко бейсенбі күні Twitter-дегі микроблогына.
Бұрын хабарланғандай, «10 сәуірдегі жағдай бойынша Сергеев су қоймасындағы су деңгейінің 5 сәуірден бастап 14 сантиметрге көтерілгені байқалды. Осы кезеңде Петропавл су қоймасындағы судың 8 см-ге, Петропавл қ. ауданында 9 см-ге көтерілгені тіркелді. Покровка ауылының ауданындағы су (өзен суы- ҚазТАГ) 1 метр 47 сантиметрге, Новоникольский ауылының қасында 85 сантиметрге көтерілген», - деп хабарлады баспасөз қызметі сәрсенбі күні.
Сондай-ақ, өткен тәулікте Петропавл қ., Жамбыл және Аққайың аудандарында жеке меншік тұрғын үйлері мен қораларын еріген қар суы басуының 24 оқиғасы тіркелген.
ТЖД барлық жағдайларды бақылауға алып, суды сору шараларын қабылдады.