Әлихан сатқын емес! Аруақты қорламаңыздар!
Кешеден бері елді дүрліктіріп, қазақтың соңғы ханы – Кенесары Қасымұлының (1802- 1847) басын Әлихан Бөкейхан (1866- 1937) тығуға көмектесті деген сандырақ желінің назасын келтірді.
Кенесары хан 1847 жылы қаза болып, ханның басы Омбы губернаторы генерал Горчаковке жеткізілген.
Кенесары ханның 1836 жылдан бастап созылған 10 жылғы Ұлт Азаттық соғысының соңғы екі 1845-1847 жж. оқиғалары архив деректер негізінде айғақталған. ӘЛИХАН БӨКЕЙХАННЫҢ СТЕПНЯК бүркеншік есімімен 1923 жылы жарық көрген
МАТЕРИАЛЫ К ИСТОРИИ СУЛТАНА КЕНЕСАРЫ КАСЫМОВА. Воспоминания кара-киргиза Калигулы Алибекова о последних днях Кенесары. Под редакцией проф. Поливанова и доктора Досмухамедова. Туркестанское гос. издательство Ташкент, 1923. еңбегінде Кенесары ханды кімдер не үшін сатты; кімдер қасында болды; манаптар ханды қалай жазалағаны туралы нақты: осы оқиғаға қатысушылардың доностары арқылы баяндалған.
Кітапқа сол кездегі Мәскеу мойындаған Ресейдің атақты түркологы Поливанов пен профессор Х.Досмұхаммедұлы жауапты редакторлық еткен.
Кітапті Әлекең әкесіне арнаған.
Мен көрсеткен басылым Тәуелсіздік кезіндегі тұңғыш болғандықтан, бұл мәтін кейінгі басылымдарда өзгертілуі әбден мүмкін. Қазір мекеме басшылары Алаш мұрасын маман ғалымдар емес, өз ұйғаруынша қалай болса солай шығаруда.
Бұл шағын еңбекте томдарға сиятың тарихи шындық тұр!
Ресей билігінің ғасырлар бойы езгісі мен отарлауына қарсы шыққан Қазақтың соңғы ханы Кенесарыны сатқан, оның басы сүйегін қорлаған пенделердің істегендері өз сөздерінен алынған!
Осыншама тарихи мағлұматты бізге аманат еткен Әлихан Бөкейханды осыншама қорлап көрсету барып тұрған арандатушылық!
Оқыңыздар! Аруақты қорламаңыздар!
Алаш Орда үкіметін құрып қазіргі мемлекет шекарасына дейін бекітіп берген Алаш саяси элитасының көшбасшысы бола білген, Отаным деп өткен Әлиханды біз емес бір Алла Тағала қорғайды!
Қазіргі Елдің түрлі тірлігінен біздің назарымызды басқа жаққа аударып жатқандардарың бұл әрекетін бір Құдай біледі.
Бірақ бұл үшін Әлихан Бөкейхан бастаған Алаш саяси элитасын қорлай алмайсыздар!
Солардай болып алайықшы!
Бір қатын аруақпен сөйлесіпті мыс деген сандыраққа сенетін Қазаққа бір Алла Тағаланың қорғаны болсын.
Әлдеріңіз келсе бүгінгі күнге ие болыңыздар!
Сіз бен Біз өз заманымыз үшін жауап береміз!
Әлихан Бөкейхан бастаған Алаштықтар Отан алдындағы парыздарын теңіздей етіп өтеп кеткендер.
Қазақты арандатып отырғандарды да бір Аллаға көріп тұр.
Бұл Наурыз Елге бақ дәулет береке бірлік әкелсін!
Ел аман болсын! Отаншыл жастардың күні тусын!
Керей мен Жәнібек көтерген Қазақ мемлекетінің шаңырағы биік болсын; Абылай хан жоңғардан қорғап қалдырған қасиетті Ата Баба Жері ұрпақтарымызға берекесін берсін.
Бабалардың осыншама қанымен қорғалған мемлекетіміздің шекарасына дейін бекітіп берген Алаштықтардай іс тындырып алайықшы!
Қазақ деген ұлт атауын отарлау кезінде (1913) қайтарған Алаш Арыстары бізге аманат еткен ұлттың құлағы, көзі, үні болуды ұрпақтарға бұйыртсын;
Адамзат деген матрицаға біз Әлихан Бөкейхан бастаған Отаншылдық, Ахаң сияқты Адамдық диқаншысы болып, Оян, Қазақ! деген Міржақып, Мен жастарға сенемін! деген Мағжан, «қазақ жерін көмірдей басып ақтар өтті» деген Жүсіпбек, Ел ішінде Аламандық болмасыншы деген Хәлел бастаған Алашшыл саяси, ғылыми элитаның адамзаттық заманауи ақылымен ғана таныламыз!
Наурыз құтты болсын!
Бабалар аңсаған Тәуелсіздіктің мерейі үстем болсын!
Айгүл Ісмақова
Abai.kz