Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2521 0 пікір 12 Сәуір, 2013 сағат 08:16

Железноводскідегі пансионат Қазақстанның меншігіне берілді

Атырау. 11 сәуір. ҚазТАГ - Ресейдің курорт-қаласы Железноводскідегі пансионат Қазақстанның меншігіне берілді, деп хабарлады Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов.

«Железноводскідегі «Қазақстан геологы» пансионатының 21 объектісінің 20-сы Қазақстанның меншігіне берілді. Бұл мәселе ұзақ жылдар бойы шешілмей келген болатын», - деді Б. Ізмұхамбетов Мақат ауданына жұмыс сапары барысында.

Оның айтуынша, пансионатты облыс әкімдігі ұстайды.

«Қазір пансионатты жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Медициналық жабдықтар, басқа да қажет материалдар сатып алынуда. Бұған қоса, жолаушыларды тасымалдау үшін 42 жайлы автобус сатып алынады. Ересектер мен балалардың демалысы мен емделуі үшін жағдай жасалып жатыр. Жақын уақытта бұл жерде бес ағынмен 1200 бала үшін толыққанды демалыс ұйымдастырылады», - дедіаймақ басшысы.

Сондай-ақ, оның айтуынша, аптасына 2 рейспен Атырау-Минводы әуе қатынасы қайта ұйымдастырылатынын айтты.

Бұдан басқа, Б. Ізмұхамбетов қазақстандықтар Ессентуки қаласында орналасқан «Қазақстан» атты басқа санаторийде де демала алатындарын айтты.

Облыс әкімі 1992 жылы Қазақстан мен Ресей президенттерінің арасында инвестициялау жүргізілсе, «мұндай объектілер 39 жылға жалға берілетіні, кейін инвестор-мемлекеттің меншігіне берілетіні» туралы келісімге келгенін еске салды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1471
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5420