Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2772 0 пікір 12 Сәуір, 2013 сағат 08:20

«Қорғастағы» контрабанда фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа берілді – қаржы полициясы

Астана. 11 сәуір. ҚазТАГ - Алматы облысының «Қорғас» және «Қалжат» кеден бекеттеріндегі экономикалық контрабанда фактісі бойынша қылмыстық іс мамандандырылған әскери сотқа берілді, деп хабарлады ҚР экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) баспасөз қызметі.

«Бүгінгі күні айыпталушылар мен олардың қорғаушыларын «Қорғас» және «Қалжат» кеден бекеттерінде экономикалық контрабандамен айналысу және ұйымдасқан қылмыстық қауымдастық құру, оған басшылық ету және оның қызметіне қатысу фактілері бойынша қозғалған қылмыстық істің материалдарымен таныстыру процедурасы аяқталды», - делінген бейсенбі күні таратылған ақпаратта.

3 сәуірде қылмыстық істің материалдары әрі қарай сотқа тапсыру үшін айыптау қорытындысымен Алматы қаласының прокуратурасына жолданды, делінген ақпаратта

«11 сәуірде қылмыстық іс материалдарын мәні бойынша қарау үшін Мамандандырылған әскери сотқа жіберу басталды», - делінген ақпаратта.

Бұл қылмыстық істер бойынша айыпталушы ретінде 45 тұлға өтіп отыр, олардың 42-сі қамауда, 3-не қатысты ешқайда шықпау туралы бұлтартпау шарасы тағайындалған.

Бұдан басқа, 19 адам іздеуге жарияланған, оларға қатысты қылмыстық іс материалдары жеке өндіріске шығарылды.

Бұрын хабарланғандай, 2011 жылдың сәуірінде қаржы полициясының қызметкерлері Алматы облысындағы кеден бекеттерінде арнайы шаралар жүргізіп, «Қорғас», «Қалжат» бекеттерінде, «Алатау» КРО-сында құжаттар, мұрағат түгелдей тәркіленді. Бұл оқиғалардан кейін құқық қорғау органдары мен кеден өкілдері қамауға алынды. Қаржы полициясы КБК басшысы Қозы-Көрпеш Кәрібозов сол кезде қызметтен кеткен болатын.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434