Жұма, 27 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 2454 0 пікір 12 Сәуір, 2013 сағат 08:21

KZ_Exp экспорттық кіріс индексі сейсенбі күні 3,35 тармаққа төмендеді

Алматы. 11 сәуір. ҚазТАГ - Алдыңғы қатарлы шикізат биржаларында сәрсенбі күні өткен сауданың қорытындысы бойынша басты экспорттық тауарлар құнының индексі KZ_Exp 929,8 тармақты құрады.

Осының алдындағы сауда күніне қатысты индекстің мәні 3,35 тармаққа төмендеді.

Сәрсенбі күнгі саудада Brent сұрыпты мұнай бағасының $0,44-ке, 105,79-ға дейін арзандауы көрсеткішті 3,27 тармаққа төмендетті. Сондай-ақ, бағалы металдар мен уран арзандап, индексті тағы 0,73 тармаққа төмендетті. Ал мырыш, мыс, алюминий және қорғасын бағаларының қымбаттауы индекске 0,65 тармақ көлемінде қолдау көрсетті.

Индекс күн сайын Қазақстан үшін 8 негізгі шикізат келісімшартының биржадағы бағасының негізінде қалыптасады, бұлар - мұнай, мыс, алтын, мырыш, алюминий, күміс, қорғасын, уран.

Іс жүзінде индекстің мәні аталған тауарлардың бір тоннасының эскпортының орташа құнын көрсетеді. Аталған тауарлар 2010 жылдың қорытындысы бойынша жиынтық экспорттың баға көрсеткішінің 75,5% бойынша қалыптасты.

Бұл индекс елімізге экспорттық түсімдер мен негізгі экспорттаушы-компаниялардың қаржылық жағдайын бағалау құралы бола алады. Бұл көрсеткіш сондай-ақ, макроэкономикалық көрсеткіштердің қайсысына қысым туындап отырғанын көрсете алады.

Индексті есептеу базасы ҚР қаржы министрлігі кедендік бақылау комитетінің экспорттық-импорттық статистикасы болып табылады.

0 пікір