Сенбі, 23 Қараша 2024
2418 14 пікір 24 Наурыз, 2023 сағат 12:13

БАҚ: Ресейге экспорттың Қазақстан үшін қаупі қандай?

Қазақстан Украинаға басқыншылығы үшін батыс санкциясының астында қалған Ресейге қайта экспортталатын тауарларды тексеруді күшейтпек. Осы мақсатта сәуірден бастап елімізге әкелетін және шығарылатын тауарларды қадағалайтын онлайн-жүйе іске қосылады. Осылайша Қазақстан өзі жерін санкцияны айналып өтетін аумаққа айналмағанын дәлелдемек. Бұл туралы қазақстандық жоғары шенді Eurasianet.org басылымына айтып берген.

«Біздің Үкімет Қазақстан мен Ресей саудасына ешқандай санкциялар мен шектеулер енгізбейтінін бірнеше рет айтты. Бірақ батыстың санкциясын айналып өтетін аумаққа да айналмайды.

Қайталама санкцияларға байланысты барлық қауіпті түсініп отырмыз, сондықтан біз серіктестермен өзара сауда-саттықты мұқият қадағалаймыз»,-деді шенеунік.

Басылымның жазуынша, лауазымды тұлғаның сөздерінен, бір жағынан, солтүстік көршінің ызасына тимей, екінші жағынан батыспен жемісті қарым-қатынас орнатқысы келетін Қазақстанның қиын жағдайын түсінуге болады.

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді өткен айда Астанаға келген АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкеннің сапары кезіндегі сөзінде осы мәселе бойынша алаңдаулы екенін жасырмады.

«Қазақстанның Ресеймен де, Украинамен де тарихи және ұзақ уақыт бойғы экономикалық байланысы бар. Сондықтан қазіргі жағдай біз үшін, біздің экономикамыз үшін оңайға түсіп жатқан жоқ Біз санкциялардың кез келген жағымсыз әсерін болдырмауға тырысамыз»,-деді Тілеуберді.

Санкцияларды сақтауға негізгі кедергі – географиялық орналасу мен қолданыстағы келісімшарттық міндеттемелер.

Атап айтқанда, Қазақстан мен Ресей Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) мүшесі. Теориялық тұрғыдан алғанда, бұл екі елдің 7600 шақырым шекарасын кесіп өтетін тауарлардың кедендік бақылаудан өтпейтіндігін білдіреді.

Соңғы жылдары бұл Ресейдің негізгі сауда серіктес ретіндегі рөлін нығайтуға ықпал етті. Сондықтан, батыс Ресейге тауар жеткізуді тоқтатқан кезде, Кремльдің Орталық Азия мен Кавказдың кейбіір мемлекеттерін «екінші есік» ретінде пайланатынын білді.

«Женевада орналасқан Trade Data Monitor ұйымының ақпараты бойынша,  кейбір санкцияланған тауарлар, әсіресе, чиптер Ресейге үшінші елдер арқылы жеткізілген. Олардың көпшілігі Ресей басқыншылығынан кейін саудадағы қатынасын күрт өзгертті»,-деді Блумберг агенттігі.

Сауда қатынасындағы өзгерістер деп мыналарды айтуға болады:

Соғыс басталғанға дейін Қазақстан Ресейге 12 мың долларға жуық ақшаға алдыңғы қатарлы чиптерді экспорттады. 2022 жылы бұл сома 3,7 миллион долларға дейін өсті.

Оның үстіне саудадағы санның бәрі ресми статистикаға кіре бермейді. Кейбір мәліметтерге сәйкес, жоғары технологиялық тауарлардың сұранысқа ие болуына байланысты, «қара базар» жанданған.

Таяуда жарияланған Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) зерттеуі «Ресейдің көршілері оған санкция салынған тауарларды жеткізіп беріп отыр» деген қорытынды шығарған. «Біз делдалдық сауданың жүріп жатқанын көріп отырмыз. Орталық Азия мен Кавказ елдеріне Батыс экспорты ұлғайған сайын, бұл елдер Ресейге экспортын арттырды. Бұл процес бір уақытта жүрді»,- дейді ЕҚДБ бас экономисі Беата Яворчик.

Reuters агенттігінің жеті анонимді дереккөзге сілтеме жасай отырып, ресейлік компаниялар қазақстандық серіктестерінен «өнеркәсіптік жабдықтар, теміржол мойынтіректері, озық электроника, радио жабдықтары, турбиналар, ұшақ бөлшектері, шикізат және тіпті банктік карта материалдарын импорттауын сұрап, тауарлардың ұзын тізімін беріп отыр»,-деп жазған.

Өткен жылы Қазақстанның  Ресейге экспорты 25 пайызға өсті. Блинкеннің сапары кезінде Мұхтар Тілеуберді «Қазақстан мен АҚШ үкіметі санкциялардың бұзылуын болдырмау үшін осы уақытқа дейін үздіксіз байланыста болды. Астана америкалықтардың Қазақстанға қайталама санкциялар салынуы мүмкін болатын жағдайларды алдын ала хабарлағанына алғысын білдіреді»,-деген болатын.

Дегенмен Қазақстанға қайталама санкциялар салынбады. Ал Ресейге микросхемалар жеткізген өзбек компаниясына санкция салды.

Қазақстан әзірге батыс шектеуіне ілінген жоқ, дегенмен Астанада кәсіпкерлерді Ресеймен сауда жасауда абай болуға шақырады.

Жоғарыда аталған қазақстандық шенеунік Eurasianet.org-ге берген сұхбатында «күдікті сауда операциялары мұқият тексеріліп, қажет болған жағдайда әкімшілік шаралар қолданылатынын» айтқан.

 

Abai.kz

14 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5404