Жұма, 27 Қыркүйек 2024
Жаңалықтар 2413 0 пікір 12 Сәуір, 2013 сағат 08:25

Назарбаев үкіметке бюджеттің теңгерімділігі жөнінде нақты шара қабылдауды тапсырды

Астана. 11 сәуір. ҚазТАГ - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметкеҰлттық банкпен бірлесіп 1 маусымға дейін тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі толық есеп жөнінде бірлескен ұсыныстар енгізуді тапсырды, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«...Ұлттық қордың республикалық бюджетке мақсатты трансферттер бөлу бөлімінде ұсынылған өзгерістер мақұлдансын. Бұл ретте мен Үкіметке өзге мүмкіндіктерді мейлінше пайдалану туралы тапсырма беремін. Ұлттық қор тек егер стратегиялық маңызы бар жобаларды қаржыландырудың басқа көздері болмаған жағдайда ғана пайдаланылуы тиіс. Сондықтан бірінші кезеңде, жоба, оның техникалық-экономикалық негізі әзірленіп, сондай-ақ қаражат қайтарымы есептеліп болғаннан кейін ғана біз аса маңызды автомобиль жолдарын қалпына келтіру жұмыстарын бастау үшін қаржы бөлетін боламыз, - деді Н. Назарбаев бейсенбі күні Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңестің отырысында.

Мемлекет басшысы бүгінде еліміздің экономикалық саясатындағы ұзақ мерзімдегі перспективаға арналған Ұлттық қордың одан арғы рөлі мен орнын нақты айқындау қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстан президенті Ұлттық қор, бұл ­ болашақ ұрпақтың ақшасы, соған байланысты оның тек ең айрықша жағдайда ғана пайдаланылуы мүмкін екенін атап көрсетті.

Н. Назарбаевтың пікірінше, Ұлттық қордың қаражатын пайдалануға балама ретінде тиімсіз бюджет шығысын қысқарту, қаржы тәртібін күшейту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу және салық салынатын базаны арттыру қажет.

0 пікір