Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
1760 2 пікір 30 Наурыз, 2023 сағат 13:10

ЖСДП: «Үкіметке көңіліміз толмайды»

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы Үкімет басшысы лауазымына Әлихан Смайыловтың тағайындалуына қарсы екенін білдірді.

«Бүгінгі кездесуде көтеріліп отырған сұрақ өте маңызды, тағдыршешті десек те болады. Сөз жоқ, біз сіздің 30 жыл бойы әбден былыққа батқан жүйені өзгертемін деген құлшынысыңызды көріп отырмыз. Бірақ, оны ертең жүзеге асыратын мемлекеттік аппарат, оның ішінде Үкімет екені анық. Күні кеше өзіңіз де болашақ Үкіметтің алдында бұрын-соңды болмаған ауқымды міндет қойдыңыз. Біз 20 жыл билікке оппозицияда жүріп, халқымыздың әл-ауқатының төмендеуіне Үкіметтің әлсіз әлеуметтік саясаты екендігіне көзіміз жетті. Ал енді бүгін аманаттықтар өз көпшілігін көрсетіп, ұсыныс беріп отыр. Әрине, парламенттік оппозиция ретінде біз ұсынысқа қарсымыз», - деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомар Тоқаев қатысқан Мәжілістің жалпы отырысында ЖСДП фракциясының мүшесі Нұрлан Әуесбаев.

Депутат жиыннан шыққан соң журналистердің сұрақтарына жауап берді. Ол Үкіметті басқаратын азамат 20 миллион халқы бар Қазақстаннан табылатыны айтты.

Оның айтуынша, президент Тоқаев реформалар жасап, жаңа Қазақстанды құруға тырысқанымен, қазіргі Үкіметпен оны жүзеге асыру мүмкін емес.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 492
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 2216
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 1880
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1029