Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
1772 2 пікір 31 Наурыз, 2023 сағат 12:57

Қазақстан ШЫҰ-ның туризм дамыту келісіміне қосылмақ

Қазақстан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы келісіміне қосылуы мүмкін. Келісім жобасы «Ашық» НҚА порталында жарияланды.

«Қазақстан 2022 жылғы 16 қыркүйекте Самарқандта жасалған Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге қосылсын. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - делінген құжатта.

Келісім жобасы 13 сәуірге дейін ашық талқылауда болады. Кейін құжат қол қою үшін Премьер-Министрге жолданады.

Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласын 2023-2024 жылдары ШЫҰ-ның мәдени және туризм астанасы ретінде бекіту ұсынылғаны белгілі болған.

Сонымен қоса, биыл шілдеден 2024 жылдың шілдесіне дейін Қазақстан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етеді.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 716
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2774
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1841