Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3121 0 пікір 17 Сәуір, 2013 сағат 05:12

Жанат Ахмади. Дүрбелең (жалғасы)

5

Осыдан кейін, Шыңжаң үкіметі мен жергілікті аз санды ұлттар халқының ортасында әйгілі «11 бітім» шарты жүргізілді. Арада бірнеше ай өткенде 14-қазан күні, Шұң шың қаласынан самолетпен, Шыңжаң үкіметінің жаңа басшысы Жаң жы жұң өз қасына бірнеше адам ертіп Үрімжіге келді. «11 бітімдегі» талас-тартыс түйіні Өлкелік өкімет құру мен, Шыңжаң армиясын өзгертіп құру болғандықтан, генерал Жаң жы жұң өз жанына белгілі майталман гоминдаңшыл ақсүйектер: Лияң-хан-сау, Пың ши ен, Уаң зың шендерді бірге ала жетті. Бұлар, Шұң шың қаласындағы гоминдаңның Орталық өкіметін билеген Жаң қай шының жіберген сайыпқырандары еді. Ұзаққа созылған кеңестің талас-тартысы барысында аз ұлт өкілдерінің талабынан белі қайысқан Жаң жы жұң талай рет Шұң шың қаласына барып, Жаң қай шыдан жол-жорық алып келді. Үш уалаятшылар да Ілеге екі дүркін самолетпен барып, Құлжа қаласында кеңес құрып қайтты. Жетпіс күнге созылған талас-тартыс ақырында «11 бітім» текстісі әрең бекітілген. Өлкелік өкімет құрудың алғашқы шарттары мақұлданған.

«11 бітім»

5

Осыдан кейін, Шыңжаң үкіметі мен жергілікті аз санды ұлттар халқының ортасында әйгілі «11 бітім» шарты жүргізілді. Арада бірнеше ай өткенде 14-қазан күні, Шұң шың қаласынан самолетпен, Шыңжаң үкіметінің жаңа басшысы Жаң жы жұң өз қасына бірнеше адам ертіп Үрімжіге келді. «11 бітімдегі» талас-тартыс түйіні Өлкелік өкімет құру мен, Шыңжаң армиясын өзгертіп құру болғандықтан, генерал Жаң жы жұң өз жанына белгілі майталман гоминдаңшыл ақсүйектер: Лияң-хан-сау, Пың ши ен, Уаң зың шендерді бірге ала жетті. Бұлар, Шұң шың қаласындағы гоминдаңның Орталық өкіметін билеген Жаң қай шының жіберген сайыпқырандары еді. Ұзаққа созылған кеңестің талас-тартысы барысында аз ұлт өкілдерінің талабынан белі қайысқан Жаң жы жұң талай рет Шұң шың қаласына барып, Жаң қай шыдан жол-жорық алып келді. Үш уалаятшылар да Ілеге екі дүркін самолетпен барып, Құлжа қаласында кеңес құрып қайтты. Жетпіс күнге созылған талас-тартыс ақырында «11 бітім» текстісі әрең бекітілген. Өлкелік өкімет құрудың алғашқы шарттары мақұлданған.

«11 бітім»

1. Шыңжаң халқына өздеріне сенімді адамдардан жергілікті сайлау-сайлану құқығын беру. Бұл үшін оқиға іске асқаннан бастап 3 ай ішінде әрқайсы ауданның халқы өздеріне кеңес мүшелерін сайлап, аудандық кеңес құрады. Сол арқылы аудандық өкімет басшысы - Әкімді сайлайды. Орынбасары екеуін. Өлкелік өкіметтің бекітуіне ұсынады. Ал аймақтық үкімет - «уәли мекемесінің» қызметкерлерін сол аймақ басшысы - уәли өзі тағайындайды. Және өлкелік кеңес мүшелері сайланып, ол халықтың мұң-мұқтажы үшін жаңа республикалық өкіметке ұсыныс жасап, оны бақылап, әрі сол жұмысқа көмектеседі.

2. Үкімет діни кемсітушіліктерді қалдырады. Халыққа дінге сенуге толық еркіндік береді.

3. Мемлекеттік жұмыс тілінде қытайша мен ұйғырша жазу тең қолданылады. Өкіметке ұсынған түрлі байланыс-хаттарда өз ұлтының жазуын ғана қолдануға рұхсат қылынады.

4. Бастауыш, орта мектептерде өз ұлтының тілінде сабақ өтіледі. Орта мектепке қытай жазуы, тілі тиісінше кіреді. Жоғары оқу орындарында мұқтажына қарай тең оқытылады.

5. Өкімет ұлттық мәдениет пен өнеркәсіпті еркін дамытуды белгілейді.

6. Жиын өткізу, ондағы сөз еркіндігін белгілейді.

7. Алым-салықты халықтың әл-ауқатына қарап белгілейді.

8. Саудагерлерге ішкі-сыртқы сауда еркіндігін береді. Тек шет елге сауда жасаушылар үкімет пен шет ел ортасындағы шартнамаларға бағынады.

9. Шыңжаң өлкелік өкіметінің құрамын Орталық өкімет толықтайды. 25 мүшенің онын Орталық өкімет дайындайды. Қалғанын жергілікті аймақтар ұсынып, Орталық өкімет бекітеді. а) Орталық бекітетін 10 мүше: 1. Басқарма. (Шыңжаң үкіметінің басшысы) 2. Бас хатшы. 3. Ішкі істер министрінің бастығы. 4. Қазына министрінің бастығы. 5. Тұрмыстық істер қажетін өтеу басқармасының бастығы. 6. Оқу-ағарту министрі назараты. 7. Құрылыс министрі назаратының бастығы. 8. Мәдениет басқармасының бастығы, сияқтылар. 9. Ұлттық армия құруға рұқсат етіледі. Оны тек аз ұлт әскерлерімен толықтыру шарт. 10. Оқиға жүз бергеннен тартып екі жақтағы түрмеге және тұтқынға алынған адам он күн ішінде босатылып, оларды бұдан былай бұрынғы «жазасымен» кемсітіп-қорламауға кепілдік беріледі.

Орталық өкімет өкілдерінің басшысы генерал Жаң жы жұң.

Шығыс Түркістан, үш аймақ уәкілдері: Ахмеджан Қасыми, Ысқақбек Мінінұлы, Әбдікәрім Аббасұғлы, Дәлелхан Сүгірбаев, Жағда Аталықұлы. Бірақ Тарбағатай аймағы жартылай, Алтай аймағы әлі де түгелімен дерлік гоминдаң әскерінің қолында тұрғандықтан, алдағы жаз үш аймақты тазалау кезеңіне арналған жоспар өз күшіне ие бойында қалды...

1946 жылы 1-айдың 2-күні әйгілі «11 бітімнің» толық тексті бітіп, өлкелік өкімет құрудың алғашқы шарттары мақұлданды. Осыдан кейін тағы бес ай табандаған сұхбат өткізіліп 1946-жылғы 6-айдың 6-күні Шыңжаңда ресми «Шығыс Түркістан» атты тарихқа мағлұм, іргелі республиканың құрылғандығы соңғы мөрі басыла бекілітіп жарияланды. Жаңа өкімет басшысы, генерал Жаң жы жұң «батыс-солтүстік әскери мекеменің бастығы деген атпен дүмін таққа тигізді. Орынбасарлары аз ұлт өкілі Ахмеджан Қасымов, Бұрхан Шаһиди.

Екі жақ бірлесіп өткізген Ұлттық армия сайлауында «Үш Аймақ» төңкерісіне қатысушылардан үлкен әскери лауазымға ие болғандар қатарында Іле аймағынан: Ысқақбек пен Әбдікәрім Аббасұғлы генерал шенін бірден алған. Ал баяғы Нылқы полициясының бастығы - Рың-дау-сының орынбасары, өзі Іле соғысының көсемі - Әкбардың жанқияр досы Нүсіпхан мен сол Нылқы түрмесінен босап шыққан ұзын, сылыңғыр қара жігіт Қазыхан полковник дәрежесін еншіледі. Мақсұт пен Қарымсақ та құралақан қалмай, даңқы жер жарған осы бір жиналыс залынан сары ала киімді қосарланған подполковник болып шықты.

Тарбағатай аймағынан Аталықұлы Жағда полковник дәрежесін иелеген. Бұл кезде Алтай аймағы да азат етілгендіктен Дәлелхан Сүгірбаев армия генералы атағын алды. Бірақ міне, осы тұста қайталанбастай үлкен өкінішті іс өтті... Тарихқа мәлім «Үш аймақ» төңкерісіңің қайнар көз, ошағы - Іледегі «Тас түлек» ұйымының ірге тасын қолымен қаласқан ер жүрек Фуже сайлауға ырза болмағандықтан бүкіл Шыңжаңды елең еткізіп, өзін-өзі буынып өлуге қиған!... Бұл деген - ұрпақтан-ұрпаққа қаларлық, анық бір орны толмас өкініш еді! Басқарушылардың жеңіс буына масаттана, дандайсып, тояттануынан туған, ізгі ниетті ұрпақ алдында кешілмес кінәсі амал жоқ, қолдан жасалды! Өз дүмі жұмсақ көпшікке тие бастағандар орталарында жалқы жүрген қалмақ төңкерісшісінің сөз сөйлері бола алмаған! Кеше жалғыз оқтан жаны қалғандарын бүгін ұмытып, өмірмен ажал ортасында тізе қосқан қандыкөйлек достарына қамқор бола алмағанын айғыздап тарих бетіне жазған! Басқаларына лайық болған «генерал» атағын еске алғанда, Шығыс Түркістан халқы алдында, және тапжылмас тарих алдында атақсыз, бірақ өршіл, қайсар, генерал Фуже емес пе!!!

Бір кездегі атышулы Жоңғар қалмағының ендігі сарқыншағы болып, сай-сайда қалған Шыңжаңның аз ұлттарының бірі, осы Торғауыттардың тағдырын соның адал перзенті Фуже асқан қамқорлық, жанашырлықпен ойланушы бола жүріп, ұлт-азаттығы көтерілісін бастаушының бірі болған жоқ па еді? Байқап қараса, мына сайлаудағы қазақ, ұйғыр, татарлар ең діттеулі орынның бәрін өздері бөліп алып, бұған өз ұлтының тағдырына ара түсе жүрерліктей мерей қалдырмауы бүркіт киелілігі туралы тәмсілді еске түсіретін.

«Бүркіт балапанын бір ұядан қатарынан үш жыл алмайды» деген сөз бар. Өткен екі жыл бойы бірдей балапанын алдырған ана-бүркіт үшінші жыл тағы сорласа ыза долдығының күйігінен биік аспанға шарықтап айналып, шырқай шығып алып, өз басын өлімге тігіп бірден тік төмен құйылады дейді!... Сол екпінімен келіп өз ұясын соғып, мерт болады-мыс. Тап сол сияқты өз жолдастарынан Фуженің де ең шешуші, ақтық реткі көңілі қара жердей болған! Айтар ауызға Шыңжаң өлкесінде «Шығыс Түркістан мемлекеті» құрылғанымен, аздар мен әлсіздер үшін, осы олқылық мұнан былай да бас сұға беретін созылмалы індет болатынын, әділетсіздікке төзбеген қайсар Фуженің осы өлімінің өзі-ақ әйгілеп тастаған!!!

 

Бірінші кітаптың соңы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371