Сенбі, 23 Қараша 2024
Билік 1888 4 пікір 3 Сәуір, 2023 сағат 17:13

Қазақстанда соңғы 5 жылда бензин өндірісі 70% – ға, дизель өндірісі 30% - ға өсті

ҚР Энергетика министрінің ақпараты бойынша үш мұнай өңдеу зауытында жаңғырту жұмыстары аяқталғаннан кейін, мұнай өңдеу көлемі 3 млн.тоннаға өсті. Қазір жылына шамамен 17 млн.тонна шикі мұнай өнделеді.

«Соңғы 5 жылда  бензин шығару көлемін 70%-ға (3 млн. тоннадан 5 млн. тоннаға дейін), дизельдік отынды - 30%-ға өсірдік (4 млн-нан 5,2 млн. тоннаға дейін)», - деп хабарлады Болат Ақшолақов.

Энергетика министрі атап өткендей, өткен жылы дизель отынын шығару бойынша рекордты көрсеткіш – 5,2 млн. тоннаға жетсек те, қазіргі жағдайда еліміздің бірқатар өңірлерінде дизель тапшылығы бар. 350 мың тонна көлеміндегі дефицитті (қысқы ДТ қоспағанда) қымбат бағадағы импорттық отынмен жабуға мәжбүр болдық.

Осы орайда, экономикаға маңызды өнеркәсіп секторы болып саналатын тау-кен метталлургия  кешені және темір жол салаларының тұтыну көлемі сол қалпында қалды, яғни өскен жоқ. Нарықтағы дизельге сұраныстың тұрақты өсу себебінің негізгі факторы транзиттік көлік ағыны, бұдан басқа Қазақстаннан шетелге сұр схема бойынша алып кетіп жатқан экспорт.

Өткен жылы мамандардың есептеуінше шетелдік транзиттік көлік тұтынған дизель көлемі шамамен 150 мың тоннаны құрады, бұдан басқа сұр экспортпен кеткен отынның көлемі шамамен 200 мың тонна («IHS Markit» есебі бойынша).

ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақовтың айтуынша Қазақстанда дизель отыны тапшылығының басты себебі   бағадағы диспропорция. Отандық отын бағасы көрші елдермен  салыстырғанда айтарлықтай арзан. Қазақстан – әлемдегі жанармайы арзан он елдің қатарында. Мысал үшін, Ресейде дизель бағасы орташа есеппен литріне 345 теңге, біздегі нарық бағасынан 45%-ға қымбат. Қырғызстандағы баға 64%-ға жоғары, яғни литріне 390 теңге, Өзбекстандағы баға бізбен салыстырғанда екі есеге қымбат - литріне 480 теңге, бағамыздағы айырмашылық  - 101 пайыз.    Қазақстандық дизель отынын түрлі жолдарды пайдаланып, шетелге сатудан түсетін пайда 50 %-дан 120 %-ға дейін жетеді, жалпы пайда жылына шамамен 140 млн. АҚШ доллары.

Болат Ақшолақов атап өткендей, көрші елдердегі жағдай Қазақстанның ішкі нарығына да әсер етіп отырады. Мысалы, өткен жылдың наурызында Ресейдегі бөлшек саудадағы дизель отынының бағасы Қазақстандағы бағамен теңесіп, арзандаған болатын.

Нәтижесінде біз Ресеймен шекаралас жанармай станцияларында отынды сату көлемі азайғанын байқадық, демек Қазақстаннан жанармай шығару экономикалық тиімсіз болды.

ҚР Энергетика министрінің айтуынша көрші елдердегі баға күрт көтерілген кезде, біз дизель өндіру көлемін арттырсақ та, күз айларында оның тапшылығын қайта көрдік.

Осы жылы да бағадағы айырмашылық сақталып отыр. Нәтижесінде өткен жылғы наурыз айымен салыстырғанда тұтыну көлемі 15%-ға артқанын көріп отырмыз.

Бұл жағдай сақтала берсе, онсыз да шетел асып отырған қазақстандық дизельдің көлемі арта түсіп, биылдың өзінде 850 мың тонна дефицитке тап болуымыз мүмкін.

Алдыңғы жылдары тапшылықты өндіру көлемін арттыру арқылы жауып отырсақ, қазір отандық мұнай зауыттары максимальді режимде жұмыс жасап тұр. Алдағы 6 жылда дизель көлемін бірнеше есе арттыратын мүмкіндік жоқ (Шымкент зауытын кеңейткенше).

Аталған себептерге байланысты Қазақстан арзан отынмен басқа елдердің экономикасын субсидияландырып, өз ұлттық мүддесіне зияны тиіп жатыр деп айтуға толық негіз бар, - деп атап өтті Энергетика министрі Болат Ақшолақов.

 

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5396