Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 2656 7 пікір 5 Сәуір, 2023 сағат 12:19

НАТО Ресейдің іргесіне келді

A soldier carries the NATO flag during German Minister of Defence Ursula von der Leyen's visit to German troops deployed as part of NATO enhanced Forward Presence (eFP) battle group in Rukla military base, Lithuania February 4, 2019. REUTERS/Ints Kalnins

Екінші дүниежүзілік соғыстан бері «Бейтарап ел» атанып келген Финляндия кеше, сәуірдің 4-күні Солтүстік Атлант шарты әскери ұйымына толыққанды мүше болды. Фин билігін «Күрд азаттық ұйымы» мен «Гүлленшілерді» қорғаштады деп айыптаған Түркия әскери ұйымға мүше 30 елдің соңы болып, Ресеймен шекаралас елдің НАТО-ға ресми қосылуына келісімін берді.

«Бүгін Финляндия үшін даңқты күн, әрі Нато үшінде тарихи сәт» деген Финляндия президенті Саули Ниинисте «Ресей маңайына күш көрсетіп келеді. Енді біз ол қатарда емеспіз. Фин халқы бұдан былай өзін анағұрлым қауіпсіз, тұрақты әлемде жасап жатқандай сезінетін болады» деп сөзін түйіндеді.

НАТО құжаттарын сақтаушы тарап болып табылатын Американың мемлекет істер хатшысы Бликен: «Бұл үшін Ресей президенті Путинге алғыс айтуымыз керек. Себебі ол шапқыншылық әрекеті арқылы өзі ауыздықтамақ болған тағы бір істі ілгерлетті. Сондай-ақ көптеген елдердің өз қорғаныстарын қамтамасыз етуге деген тәуекелдерін оятты, келешекте Ресейден келетін қауіптың алдын алуға болған сенімдерін күшейтті» деді.

Путиннің НАТО-ға кіруге ұмтылған Украинаны «әскери ұйымның шығысқа кеңеюіне жол ашты» деп айыптап «арнаулы операциясын» бастағаны белгілі. Украинамен Ресейдің шекарасы 1200 шақырым болса,  Финляндия мен Ресейдің шекарасы 1340 шақырымды құрайды. Мәскеуден 700 шақырым қашықта болғанымен Петрбургке бар болғаны 180 шақырым. Ресей Қырым арқылы Қара теңізге шықса, Фин бұғазы арқылы Солтүстік теңізге өтеді. Путин Украинаға соғыс ашқаннан кейін «Екінші Украинаға» айналудан қорыққан Финляндия мамыр айында НАТО-ға мүше болуға өтініш беріп, Ресеймен шекарасын дуалмен бекіте бастады. Орыс билігі Финляндия НАТО құрамына қабылданса «қатаң шаралар» қолданатынын сан рет қайталаған. Кеше Кремльдің баспасөз хатшысы Песков «НАТО-ның шығысқа кеңеюінің Ресейге төнген тікелей қауіп екенін» тағы да қайталап, «қатаң шаралар» қолданатынын мәлімдеді.

«Бұл жағдайды әдейі ушықтыру. Бізді қарсы әрекет етуге қасқана итермелеп отыр. Біз тактикалық жақтан да, базалық жақтан да, екі жақтылы әрекетті қолданамыз» деді. Енді НАТО-ның мұздай қаруланған бірлескен армиясы Фин елінің шекарасын күзетеді.

Әскери ұйымның шарты солай: Біреуіне тиіссең, бәрі жабылады. Украина соғысында әскери әлеуеті сарқылып, Солтүстік Кореяға астыққа қару айырбастау талабын қойып отырған Кремльдің оларға көрсетер қауқары шамалы.

Финляндияға қоса Швецияның да НАТО-ға кіруге өтініш бергені белгілі. Оған тағы да Түркия мен Венгрия қарсы шықты. Келіссөздер әлі жалғасып жатыр.

 

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5401