Сенбі, 5 Қазан 2024
1858 1 пікір 5 Сәуір, 2023 сағат 17:13

ЕО Қазақстанмен санкциялар жөнінде сөйлеспек

Еуропалық Одақтың (ЕО) cанкциялар жөніндегі арнайы өкілі Дэвид О ' Салливан Қазақстанға келеді, деп жазды Қазтаг. Бұл туралы ЕО Елшісі Кестутис Янкаускас хабарлаған.

«ЕО санкцияларына келер болсақ, олар соғыс агрессорларына – Ресей мен Беларуссияға қарсы бағытталған. Еуропалық Одақ санкциялардың қалай жұмыс істейтінін, сауда ағындарының қалай өзгеріп жатқанын мұқият қадағалап отыр. Біз бұл мәселені қазақстандық серіктестерімізбен бірнеше рет талқыладық. Қазір біз ЕО сарапшылары Ведомствоаралық тобының, оның ішінде Санкциялар жөніндегі арнайы өкіл Дэвид О 'Салливанның 24-25 сәуірде Астанаға сапарына дайындалып жатырмыз. Онда санкцияларға байланысты көптеген мәселелер талқыланады»,-деді Янкаускас.

ЕО-ның Қазақстандағы елшісі атап өткендей, қазір жұмыстар жүргізілуде.

«Біз Қазақстан ынтымақтастыққа келе отырып, санкцияларды айналып өту мәселелерін шешеді деп үміттенеміз. Егер нәтиже болмаса, біз санкциялық тауарлардың Ресей мен Беларусь нарығына жібермеудің басқа амалдарын қарастырамыз», - деп қосты Янкаускас.

Айта кетейік, О ' Салливан қаңтар айында санкциялар бойынша арнайы өкіл ретінде жұмысқа кіріскен.

 

Abai.kz

1 пікір