Қару тапсыру науқанына 89 млн теңге бөлінді
11 жылдың ішінде қазақстандықтар полицияға ерікті түрде 56 мыңнан астам қару мен 2 млн астам потрон тапсырған. Бұл туралы ІІМ өткен брифингіде Әкімшілік полиция комитеті Қару айналымын бақылау бөлімінің бастығы Асылбек Ыдырысов айтты.
«Қаруды қолдана отырып жасалатын қылмыстың алдын алу мақсатында ІІМ халықтан заңсыз сақталған қару-жарақтарды сатып алу бойынша республикалық акцияны 2008 жылдан бері өткізіп келеді. 11 жылдың ішінде аталған акция барысында жалпы сомасы 1,9 млрд теңгеге 56 мыңнан астам атыс қаруы және 2 млн астам ойық қарудың патрондары ерікті түрде тапсырылды. Өткен жылдың қортындысы бойынша жалпы сомасы 89 млн теңгеге 1 400-ден астам ойық қару қабылданды. Оның ішінде ең көп қару Түркістан облысында тапсырылды. Бұл шаралар кирминогендік ахуалға оң септігін тигізді. Соңғы бес жылда қарумен жасалған қылмыстардың саны едәуір азайған», - деді Асылбек Ыдырысов.
Спикердің айтуынша, биыл қару тапсыру акциясы 10 сәуірде басталады. Ол үшін республикалық бюджеттен 89 млн теңге бөлінген.
Abai.kz