Сенбі, 23 Қараша 2024
1696 0 пікір 10 Сәуір, 2023 сағат 13:15

Су тасқыны: СҚО апат алдында тұр

Солтүстік Қазақстан облысының шағын өзендері мен Сергеев су қоймасында ернеуінен тасып төгілген судың деңгейі түсе бастағанымен, бөгеттен төмен орналасқан гидрологиялық бекеттерде су көтеріліп жатыр.

Солтүстік Қазақстандағы Сергеев су қоймасы 5 сәуірден бастап тасыған еді. 8 сәуір күні бөгет арнасынан асқан судың биіктігі 196 см-ге жетіп, ең жоғары көрсеткіш тіркелді. Бұл 2020 жылғы көрсеткішпен тең.

«Қазгидромет» РМК СҚО филиалының мәліметінше, қазір су қоймасының ернеуінен төгілген судың биіктігі – 145 см.

Есіл өзенінің салаларында су қайтып, ал Сергеев су қоймасынан төмен орналасқан гидрологиялық бекеттерде, керісінше, су деңгейі көтеріліп барады. Мәселен, Покровка елді мекенінің маңында бір тәулікте 139 см, Новоникольское елді мекенінің маңында 275 см көтерілді.

Тасқын су облыс орталығына да жетіп қалды. Петропавл су қоймасындағы бекітпелерді ашқаннан кейін қала маңындағы гидропостта бір тәулікте су деңгейі 136 см жоғарылады.

Естеріңізде болса, Солтүстік Қазақстанда соңғы рет ауқымды су тасқыны 2017 жылы болды. Ол кезде Сергеев су қоймасының арнадан асып төгілген судың деңгейі 338 см жеткен еді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443