Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1467 0 пікір 2 Наурыз, 2023 сағат 14:09

Халық қаһармандарының ерлігі – жастарға мәңгі үлгі

Қазақ ұлтымыздың тариқында елді, жерді сыртқы жаудан қорғаған батырлар аз болмаған. Мұндай халық үшін жанын пида етуге қашанда дайын тұлған ер жұрек тұлғалардың өмірі ұрпаққа өнеге. Жастарды отаншылдыққа, патриотизмге тәрбиелеуде алатын орыны ерекше. Ескі замандарға бармай-ақ кешегі дүние жүзілік екінші соғыс кезіндегі аталарымыздың жанқиярлық ерліктерін айтсақта жеткілікті.

Олардың алдынғы легінде Бауыржан Момышұлының, Рахымжан Қошқарбаевтың, Қасым Қайсеновтардың тұрғаны белгілі. Олардан бөлек өмірі мен ерлігі аңызға бергісіз қаншама батырлар бар. Қазіргі жастардың ғылым-техника өркендеген, адамзат ғарышты игерген технология заманында жасап жатқаны белгілі. Әлем соғыс өртіне оранған өткен өиын кезеңдегі бабаларымыздың соғыс ұшағын, күрделі техниканы атты ертіп мінгендей еркін ауыздықтап, өшпес өнеге көрсеткені, арттарына өшпес ерлік істерін қалдырғаны барша жұртқа аян. Ендеше олардың өмірін жастарға неге үнемі айтып отырмас қа, жігерлендіріп отырмас қа?!

Әне сондай өмірі ұрпаққа мәңгі өнеге қос тұлға ұлтымыздың мақтанышы қос ұшқышы Талғат Бигелдинов пен Хиуаз Доспанова.
Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов Ақмола облысы, Қорғалжын ауданы, Майбалық ауылында 1922-жылы 5-тамызда дүниеге келген
Аэроклубта алғаш тәжрибеден өткен Талғаттан ұстаздары үлкен үміт күтіп 1940 жылы Саратов әскери-авиация мектебіне оқуға жібереді. Саратовтағы ұшқыштар мектебін екі жыл оқып, сержант шенімен бітірген соң, Чкаловтағы бомбалаушы ұшқыштар мектебін аяқтайды. Соғыс шебіне бару алдында Ижевск қаласынан «ИЛ-2» штурмовигімен ұшуды үйреніп шығады. Өзі ерекше қызығып еркін меңгерген «Илюшамен» аспанғда 500 сағат қалықтайды. 305 рет әскери шабуылға шығып, Берлинді алуға бірінші болып қатысады. Фашистер өздеріне аяусыз өлім оғын сепкен Талғат мінген ұшақты «Қара ажал» деп атаған. 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте батыры атағын алып, соғыста небір көзсіз ерлік көрсеткен қыран қазақтың батыр ұлы қан майданнан аман-есен оралады.

1957 дан 1970 жылға дейін азаматтық авиацияны басқарып, Алматы, Ақмола, Арқалық, Қызылорда, Қарағанды, Тараз сынды көптеген қалаларда аэропорт салу ісіне өлшеусіз үлес қосады.

1968-жылы Мәскеу инженерлік-құрылыс институтын бітіріп, мемлекеттік құрылыс саласында да қызмет атқарып, әсіресе, Алматыдағы небір тамаша зәулім ғимараттардың бой көтеруіне атсалысады. 2007-жылы тәуелсіз Қазақстанның «Отан» орденімен, I-дәрежелі «Даңқ» орденімен 2008-жылы «Астанаға 10 жыл» медалімен марапатталған. Сонымен бірге «Барыс» өрденінің иегері. Екі мәрте «Кеңес одағының батыры» атағын алған батыр атамыз 2014-жылы 9-қарашада Алматыда 92 жасында қайтыс болды.
Хиуаз Қайырқызы Доспанова 1922 жылы 15 мамырда қазіргі Атырау облысында дүниеге келген. Мектептегі оқуымен бірге Оралдағы аэроклубта қатар оқыған. Мектепте комсомол ұйымында қоғамдық жұмыстарға белсене араласумен бірге қаладағы ұшқыштар дайындайтын курсға бірінші болып жазылған.

1940 жылы мектепті үздік бағамен бітірумен бірге, "Запастағы ұшқыш" куәлігін де қоса алып шығады. Мәскеудегі Жуковский атындағы әскери-әуе академиясына түспек болады. Алайда ондағылар академияға тек ерлер ғана қабылданады деген желеумен қазақ даласынан келген қыздың құжаттарын қабылдамай қояды. Алғашқы қадамы сәтсіз болса да, Хиуаз кері қайтпай, Мәскеудің бірінші медициналық институтына түседі. Араға бір жыл салып, соғыс өрті тұтанады. Майданға баруға талпынып жүрген кезде әйгілі ұшқыш Марина Раскованың қыз-келіншектерден жасақталған авиаполк құрып жатқанын естиді. Арманы орындалып жауынгерлер құрамына қабылданады.
Өзі сияқты ұшқыш қыздар Саратов қаласының әскери әуе училищесіне жіберіледі. Мұнда штурмандар даярлайтын арнайы курсты аяқтап, 1942 жылдың көктемінде сол кездегі авиация тарихында тұңғыш рет құрылған, түнгі мезгілде жау шептерін бомбалайтын әйелдер авиаполкінің құрамында майданға аттанады.

Хиуаз Доспанова қызмет еткен полк Солтүстік Кавказ, Кубань, Қырым, Украина, Белоруссия, Польша, Германия аспанындағы шайқастарға қатысқан. Қазақ қызы қан майданда 300-ден аса жауынгерлік операция орындап, аса маңызды жау шебін талқандайды. Түн қараңғысында жауға қырғидай тиген Хиуаз Доспанова соғыс кезінде ұшақтан 14 рет құлаған екен. Төрт мәрте ауыр жарақат алса да, есін жиысымен ұрыс даласына қайта оралып отырған.

Хиуаз Доспанованың ерлігі Кеңес Одағының батыры атағын алуға әбден лайық болғанымен, одақ басшылары бұл атақты қазақтың ұшқыш қызына қимады. Леонид Беда соғыс ұшағымен 211 рет көтеріліп «Кеңес одағының батыры» атағын алса, кішкене ғана фанера ұшақпен 300-ден астам рет әуеге көтеріліп, жауға ойсырата соққы бергенін Хиуаз апамыздың ерлігі еленбеді. Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана ерлігі әділ бағасын ала бастады.
2004 жылы Хиуаз Доспановаға еліміздегі ең жоғары марапат – "Халық Қаһарманы" атағы беріліп, "Алтын жұлдыз" белгісі тапсырылды. Қазақтың тұңғыш әйел ұшқышы Хиуаз Доспанова 2008 жылдың 20 мамырында 86 жасында дүниеден озды.

Бүгінде батырдың туған жері Атырау қаласында Хиуаз Доспановаға арналған ескерткіш бар. Атыраудағы спорт сарайына, Алматы қаласында өзі тұрған көшеге аты аңызға айналған ұшқыштың есімі берілді. Бұған қоса, "ЭйрАстана" әуе компаниясы Embraer 190 ұшағына Хиуаз есімін берді.
Қазақтың қиын кезде көк аспанда темір құсты тізгіндеп, жау шебіне атойлаған қос перзентінің ерлігі қазіргі жастарға үлгі болуға тұрарлық. Оларға ел үшін, жер үшін бодау берудің, басын байтігудің қаншалық қымбат екенін ұғындырады. Соғыста көзсіз ерліктің емес, техниканы меңгерудің, білімге ұмтылудың маңыздылығын түсіндіреді.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3242
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394