Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3909 0 пікір 23 Сәуір, 2013 сағат 07:37

Қазаққа қамқор бола алмаған қауымдастық

Мемлекет Тәуелсіздігі жарияланған соң, «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы» ұйымы құрылып, қауымдастыққа шетелдегі 5 млн. қандасымызды Ата жұртына әкелу жөнінде үлкен міндет жүктелген еді.

Жалпы, жат жұрттағы қандасымыз дүние жүзі қазақтары қауымдастығының үйін - ата жұртқа жол бастайтын, көшіп келгенде мауқын басатын үлкен баспанасы ретінде қарайды. Сөйтіп, келген қандастарын бұл ұйым өз бауырына баса алып отыр ма? Жоқ! Жатсыну бар, менсінбеу бар, кеудеден итеру бар.

Ұйым - Қалдарбек Найманбаевтың кезінде оралмандар үшін азды-көпті жұмыстар атқарғанымен, қауымдастықтың бүгінгі басшысы тұсында  үкіметтің оралман үшін жұмыс істеуге берген ғимараты сауда-саттық үйіне айналып, оларға қарасты қонақ үй, асхананың бағасы шарықтап кеткен. Сөйтіп, шеттен келген ағайын ат басын тірер үйді игіліктене алмай келеді. Әрі оралмандар құрған бірқанша ұйымдар қауымдастық ғимаратынан қуылып тынған. Тіпті осы ұйымда жұмыс істейтін ағайындарымызды да Талғат Мамашев мырза тоқтатпағанға ұқсайды.

Ал осы ұйымның жертөлесіне сауна (жын-ойнақ) ашып қойған. Сондықтанда жат жұрттағы қандастарымыз үшін дүние жүзі қазақтар қауымдастығы ұйымы  аты бар да,заты жоқ ұйым болып елестейді.

Ұйым ғимаратын саларда өкімет қаржы бөлген, оралмандар да қаржы шығарған (керек болса атын атап бере аламыз).

Көші-қон және оралманға қатысты жұмыс істейтін мекемелер жемқорлық былығына батқан. Басшылары біліксіз, қандастарымыздың алдында абыройын жоғалтқан адамдар. Бұрынғы көші-қон коммитетінің төрағасы Қабылсаят мырза «Монғолиядан келген қазақтардың 98% сауатсыз» - десе, қазіргі қауымдастық төрағасы Талғат Мамашев мырза «Қазақия» газетіне берген сұхбатында «Оралмандарды саясатқа араластыруға болмайды» деп лауазымына лайық емес сөз айтып, мұнымен қоймай, үлкен жиналыста «Оралмандарды ұрғаным бар» деп, айды аспанға шығарғаны және есте. Енді осы басшыларға баға беріп көріңіз.  Жалпы көші-қон комитеті мен қауымдастыққа білікті басшы бұйырмай-ақ қойды.

Ендігі талабымыз - жоғарыдағыдай, шет ел қазағымен жұмыс істей алмайтын біліксіз басшы орнын босатып, жат жұрттағы 5 млн. қандасымыздың мұң-мұқтажын түсінетін, ұлтшыл азаматтың  Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына басшы болып келуін қалаймыз.

Құрметпен,

Сапыұлы Еркінбек, Сонар Жарқын қатарлылар.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320