Сенбі, 5 Қазан 2024
1513 2 пікір 12 Сәуір, 2023 сағат 13:35

Кеше Армения мен Әзірбайжан тағы атысты

11 сәуірде Армения мен Әзірбайжан шекарасында атыс болды. Екі жақта да қаза тапқандар мен жараланғандар бар екенін мәлімдеді. 

Армения қорғаныс министрлігі атыс Сюник облысының Тех ауылында болғанын мәлімдеді.

"11 сәуірде 16:00 шамасында Әзірбайжан қарулы күші Тех ауылында жүргізіліп жатқан инженерлік жұмысқа оқ атқан. Армения да қарсы жауап берді", - делінген мекеме мәліметінде. Армения қайтыс болғандар бар деді.

Әзірбайжанның қорғаныс министрлігі Армения қарулы күші Лачин ауданындағы әзербайжан армиясына қарсы оқ атты деп мәлімдеді.

"Тех ауылы жақтан оқ атылды. Әзірбайжан қарулы күші де қарсы жауап берді", - делінген Әзірбайжан қорғаныс министрлігі таратқан мәлімдемеде. ТАСС хабарлауынша, үш адам қайтыс болған.

Армения мен Әзірбайжан арасында Таулы Қарабах үшін тартыс 1980 жылдардан бері жалғасып келеді.

2020 жылдың қыркүйек айында Әзірбайжан Таулы Қарабақтағы өзіне тиесілі жерді және Шуша қаласын қайтарып алған. Келесі күні Ресейдің араағайындығымен Армения мен Әзірбайжан бейбіт келісімге келген.

 

Abai.kz

2 пікір