Сенбі, 23 Қараша 2024
1733 2 пікір 14 Сәуір, 2023 сағат 14:11

7 жасар қыз Сириядан елге қайтарылды

Сирияда содыр болған қазақстандықтың 7 жасар қызы 11 наурызда елге жеткізілді. Қолдау орталығына орналастырылған бүлдіршін жақында туыстарына табысталмақ, деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіздік қызметі.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті мүдделі мемлекеттік органдармен, сондай-ақ шетелдік серіктестерімен бірлесіп, азаматтарды террористік белсенділік аймақтарынан қайтару бойынша қарқынды жұмысты жалғастырып жатыр.

11 наурыз күні Сирияда содыр болған қазақстандықтың 7 жасар қызы елге жеткізілді. Оны қайтару бойынша гуманитарлық операция жарты жылдан астам уақыт бойы жүргізілген.

Қазір бүлдіршін Астана қаласының балаларды қолдау орталығында, психологиялық жай-күйі қанағаттанарлық. Оны медициналық тексеруден өткізіп, бейімдеу және оңалту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жақында туыстарының қатарынан қамқоршыларға берілетін болады.

Айта кетсек, 2019 жылдан бастап ҰҚК террористік белсенділік аймақтарынан 518 кәмелетке толмаған баланы, оның ішінде 34 жетімді Қазақстанға қайтарды.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5499