Сенбі, 30 Қараша 2024
Ақмылтық 3435 1 пікір 15 Сәуір, 2023 сағат 15:55

Қандастарды қаралау қашанға дейін жалғасады?

Кешелі бері жаңаөзендіктерді, дұрысы, қандастарды қаралаған жазбалар жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптады. Танымал блогерлердің мәтіні өзгергенмен, мәні өзгермеген ойсымақтары оқыған жұрттың наразылығын туғызды.

Бірдей ойлайтын олардың айтуынша, Астанаға тұрақты жұмыс талап етіп барған белсенділердің көбі Өзбекстан мен Түркменстаннан келген қандастар екен.

Блогерлердің кейбірі жұмыссыздарды: «Есіктен кіріп, төр сұрап отыр», - деп айыптайды. Не есіңізге түсті?

Иә, 2011 жылы да дәл осы сөз желдей ескен. Оған дейін де, одан кейін де бас көтерген халықтың арасынан қандастарды қолына шырақ алып іздейтін. Бұл не, ел арасына іріткі салу ма? Халықты жік-жікке бөліп, бір-бірімен таластырып қойғанда кім не ұтады? Қандастардың шабына шоқ тастайтын шатпақтардың артында тұрған қай шалдуар? Өзгеге күйе жағу үшін, қолың күйелі болуы керек, мұны бастаған қай арампиғыл?

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы: «БерӘлі компаниясының бұрынғы қызметкерлерінің басты талабы – «Өзенмұнайгаз» АҚ штатына жұмысқа орналасу. Бастамашыл топқа бұл шарттың мүмкін емес екені айтылды. Ұйымға жұмысқа 9 мың адам тұрғаны атап өтілді.

Келіссөз жүргізушілердің бұл талабы қала тұрғындарының мүдделері мен құқықтарына қайшы келеді», – деген хабарлама таратты.

Ал белсенділер бұл сөзді жоққа шығарып, «ҚазМұнайГазды» өтірік ақпарат таратып отыр дейді. Сонда қандастарды қаралау қашанға дейін жалғаса бермек?

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1609
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3444
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6854