Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3253 0 пікір 24 Сәуір, 2013 сағат 06:55

Ассамблеяның жиыны өтті, Алматы «аман» қалды

Елордамыз Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХ сессиясының отырысы аяқталды.  Жиын  барысында  бізге «Алматы атауын Алма-Ата деп өзгерту туралы ұсыныс айтылып,  бұл ұсыныстың ақырында «Тәуелсіздіктің алтын бесігі - Алматы»  «Алма-Ата» болып өзгеріп шыға келуі мүмкін»  деген сөз жеткен еді. Алайда,  Алматының әңгімесі қозғалған жоқ. Өйткені бұл мәселенің Ассамблея отырысында көтерілмеуіне қазақ қоғамы ықпал ете алды деп білеміз.

Сонымен, қысқасынан қайырсақ.

ХХ сессия өз жұмысын 10 минут ерте бастады.

Президент жарты сағат баяндама жасады. Сессия «Бір халық-бір ел-бір тағдыр» деген ұран аясынан келісім тапты.

Елбасы баяндамасының өзегі қазақ ұлтының жасампаздығына арналды.

Қазақстан халқы Ассамблеясының 2 орынбасары жаңарды.

Құрылтайда көші-қон мәселесі де қозғалды. Жазушы Дулат Исабеков  «Моңғолиядан қоныс аударып жеткен ағайын алаяқ шенділердің кесірінен кейін кетіп жатыр» деп ашына сөйледі.

Президент сол жерде Мамшевты іздеп, «Сен ғой сол жұмысты үйлестіретін, қане не болды?» деп сұрады.

Мамашев ақталғансып, «кеше ғана М.Тәжинмен осы туралы әңгіме болды, шешім қарастырылып жатыр» деп еді, Дулат Исабеков оған тағы дүрсе қоя берді.

Асылы апамыз (Османова) сөйлеп, «Сіз әлемде абыройлы іс атқарып отырсыз,   тегін ардақ тұтатын, 7 атаға толмай қыз алмайтын қазақ халқының ұлы болмасаңыз бұлай болар ма едіңіз, болмас па едіңіз, бір Алла біледі» деп салды.

Славяндардан құралған «Парыз» деген топ 1,5 сағат ішінде қазақша сөйлеп кетіп жатыр» деп қазақ тілін үйретуші бір оқытушы сүйінші сұрады.

Казактардың біреуі орынынан тұрып, Алматыда болатын казактардың жиынына Жоғарғы атаман ретінде Елбасын шақырды. Елбасымыз  «барам» деп уәде қылды.

Залдың 70 пайызы қазақтар, оның ішінде асатаналық студенттер ХХ сессияның салтанатын арттырып, қол соғып отырды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321