Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4130 0 пікір 25 Сәуір, 2013 сағат 00:32

Әскерхан Ақтай. Сарыарқаның селеуі тербеледі, сәукеленің үкісі секілденіп...

ҚҰЛАЗУ

 

Жар жағалай,

Желеді жетім елік.

Жартыкеш

Ай жүзеді шеті кемік.

Сарыарқаның

Селеуі тербеледі,

Сәукеленің

Үкісі секілденіп.

 

Жылы шуақ

Жасаған жаратар ма аз.

Қыркүйекте

Базарын таратар жаз.

Өскен жерін

Қия алмай көл бетіне,

Қайта айналып

Қонады балапан қаз.

 

Жүрегінде

Жазылмас жара бар ма,

Дала жатыр

Шыланып шаранаға.

...Қарша үйдің

Есігін ашып қойып,

Қара жолға

Қарайды қара бала.

 

Қара желге

Тосады төсін қыран,

Сары белден

Сызылар тосын бір ән.

Менің шалқар

Сезімім сияқтанып,

Жардан асып

Тасиды Есіл, Нұра.

 

Жалғыз терек

Жабырқар қойнауда өсіп.

Көлеңкелер

Жөңкілер сайлар кешіп.

...Ерейменнен

Асатын бұлттар құсап,

Бара жатыр

Басымнан ойлар көшіп...

 

Арғы жағы Алтайдың, бергі жағы

 

Арғы жағы Алтайдың Қобда ма екен,

Бала күннің іздері сонда ма екен..

Атажұрттан алыста қалған бауыр,

Бізді есіңе ала жүр, болма бөтен.

 

Арғы беті Алтайдың Бұлғын ба екен,

Құлын дәурен сендегі мың күнге тең.

ҚҰЛАЗУ

 

Жар жағалай,

Желеді жетім елік.

Жартыкеш

Ай жүзеді шеті кемік.

Сарыарқаның

Селеуі тербеледі,

Сәукеленің

Үкісі секілденіп.

 

Жылы шуақ

Жасаған жаратар ма аз.

Қыркүйекте

Базарын таратар жаз.

Өскен жерін

Қия алмай көл бетіне,

Қайта айналып

Қонады балапан қаз.

 

Жүрегінде

Жазылмас жара бар ма,

Дала жатыр

Шыланып шаранаға.

...Қарша үйдің

Есігін ашып қойып,

Қара жолға

Қарайды қара бала.

 

Қара желге

Тосады төсін қыран,

Сары белден

Сызылар тосын бір ән.

Менің шалқар

Сезімім сияқтанып,

Жардан асып

Тасиды Есіл, Нұра.

 

Жалғыз терек

Жабырқар қойнауда өсіп.

Көлеңкелер

Жөңкілер сайлар кешіп.

...Ерейменнен

Асатын бұлттар құсап,

Бара жатыр

Басымнан ойлар көшіп...

 

Арғы жағы Алтайдың, бергі жағы

 

Арғы жағы Алтайдың Қобда ма екен,

Бала күннің іздері сонда ма екен..

Атажұрттан алыста қалған бауыр,

Бізді есіңе ала жүр, болма бөтен.

 

Арғы беті Алтайдың Бұлғын ба екен,

Құлын дәурен сендегі мың күнге тең.

Ауылыңның тұсынан өткенімде,

Елең етіп, мойныңды бұрдың ба еркем.

 

Арғы беті Алтайдың Қаба ма екен,

Жасыл қырдан күміс су ағады екен.

...Енесінен адасып қалған құлын,

Қайта айналып үйірін таба ма екен.

 

Арғы беті Алтайдың Жеменей ме.

Ақ жауыны Алтайдың себелей ме.

Арғы беттен үкілі қыз ән салғанда,

Құлазиды көңілім неге кейде.

 

Арғы беті Алтайдың Қосағаш па,

Бірлік! Елдік! Керегі осы, Алашқа!

Бұлдыр - бұлдыр Бұғылы көрінгенде,

Көңіл шіркін бір сәтте босамас па.

 

Бергі беті Алтайдың Берел ме екен,

Қырмызы қыз гүліңді терер ме екен.

Алмағайып ар жақта қалған ауыл,

Мекеніне айналып келер ме екен.

 

Бергі беті Алтайдың Марқа ма екен,

Иығында жайылған арқар ма екен.

Алыстағы ағайын қайта оралып,

Көңілдегі сағыныш тарқар ма екен.

 

Бергі беті Алтайдың Зайсан ба екен,

Өлеңменен сырымды жайсам ба екен.

Айдынына ай жүзген айна көлім,

Саумал бұлақ, самалды жайсаң мекен.

 

Арғы беті Алтайдың бергі беті,

Жазылғандай ұлтымның шерлі дерті.

Армандаған азат күн келді міне,

Көк байрағын ҚАЗАҚТЫҢ желбіреді!

 

Ешкімге арналмаған жыр

 

Бұл өлеңдер

Ешкімге арналмаған.

Ғашықтардай

Сыр айтар таңдар маған.

Сері сезім

Кей-кейде сілкінеді,

Қаңтардағы

Түлкідей қарға аунаған.

 

Арналмаған

Ол жырлар ешкімге де.

Алайда

Бір әні бар естілмеген.

Жүрегіңде

Ізгілік болмаса егер,

Махаббаттың

Теңізін кештім деме...

 

Солай қалқам...

Сезімді бекер деме.

Мұхит

Шексіз болғанмен өтер кеме.

Тәп - тәтті боп

Таңдайға татығанмен,

Бірақ,

Қатты болады шекер неге?...

 

Таралғанда

Тауларға таң шуағы.

Көлеңкесі

Көңілдің аршылады.

Сезім жайлы

Жазылған әр өлеңім,

Ақ қайыңның

Мөп - мөлдір тамшылары.

 

Қоңыр белдер

Күй шерткен күмбір далам.

Бұлақ күліп

Ағады сырды ұрлаған.

Құлағыңнан

Кетпесін менің жырым,

Сырғасындай

Сұлудың сыңғырлаған.

 

Сүйгендер айыпты емес!

 

Жастық көктем. Жапырағын жайып тал,

Сүйсең оны сенде қандай айып бар?

Көңіліңнің айдынында жүзеді,

Желкендерін желкілдетіп қайықтар.

 

Болсаңда егер, болмасаңда байыпты,

Сүйген үшін емессің ғой айыпты!.

Сүйдің бе егер, сезіміңді құрметте,

Ал махаббат, құрметтеуге лайықты!

 

Солай қалқам, өмір деген күрделі,

Еліктіріп, елітеді дүрмегі.

Сезім деген сиқырлы бір сырлы әлем,

Шешілмейді шегенделіп күрмеуі.

 

Міне, тағы ақ қайыңдар бүрледі,

Жетелейді ғұмыр- сапар сүрлеуі.

Ұзатып сап тырналардың тізбегін,

Сірә, аңсап отыр екен кім мені?

 

***

Күміс бұлттан сығалап күн шуағы,

Күнде жолға қараумен жүрсің бе, әлі?

Мөлдір тамшы ілініп кірпігіңе,

Көздеріңде айтылмай бір сыр қалды.

 

Мен аңсаймын өзіңді ару айым,

Серпілер ме сағыныш сары уайым.

Құсы қайтқан көлдейін күрсінумен,

Мен өзіңді дәл солай сағынайын.

 

Ақ Ертістің ар жағы Алтай ма екен?,

Саған деген сағыныш тарқай ма екен?,

Көңілімнің көк қанат көгершіні,

Саған қарай асығып самғайды екен.

 

Қыр суреті

Бірінші өлең

 

Торғын белден

Теңіздей толқып құрақ.

Шыңнан құлап

Ағады шоршып бұлақ.

Шарбы бұлттың

Шашырап пұшпағынан,

Шұбар қырды

Шиырлап шарпып шуақ.

 

Бәйшешек қыр

Билеген дала кілем.

Қурайлы сай

Құлаған қара күрең.

...Көкала үйрек,

Көлбеңдей көтерілді,

Көлдің бетін

Сабалап қанатымен.

 

Ақ бұршағын

Ала бұлт жауды қырға.

Бұта, бүрген

Аралас жарлы жылға,

Қара тасқа

Қонып ап қомдап қанат,

Қыран көзін

Қадайды қара адырға.

 

Жолақ қармен

Құз жатыр сырғаланып.

Шолп-шолп етіп,

Шоршиды суда балық.

Құба белде

Жүйріктер жарысқанда,

Шумақ-шумақ

Шаң қалды шудаланып.

 

Ғашықтардың барлығы қосылмайды...

 

Күле алмайсың

Тұрғанда баста қайғы.

Адал достар

Бір-бірін тастамайды.

Қызыл -жасыл

Бір әлем шақырғанмен,

...Жолдың бәрі

Бақытқа бастамайды.

 

Тап болады

Тосын мұң, тосын қайғы.

Талай көрдім

Өмірде осындайды.

Ай астында

Тұрса да аймаласып,

...Ғашықтардың

Барлығы қосылмайды.

 

Аққу қанша

Айдынға қона алмаған.

Көлдер қанша

Кемері тола алмаған.

Ақ үмітпен

Ақ жолға аттанғанмен,

Жандар қанша

Сапардан оралмаған.

 

Қазан келсе

Еңлікгүл қалар солып.

 

 

Түбі келер

Бір бақыт сен іздеме.

Қос аққулар...

Қос тағдыр егіз неге,

...Жолдың бәрі

Бір жерде тоғыспайды,

Бар өзендер

Құймайтын теңіздерге.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322