Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3546 0 пікір 25 Сәуір, 2013 сағат 01:03

Мәлiмдеме: ... Мемлекет меншiгiне қайтартуды талап етемiз!

Халықаралық ақпарат агенттiктерi  ENRC - Евразия тобы өз активтерiн  швейцариялық Glencore international тау-кен компаниясына сату үшiн ENRC акционерлерiнiң және Қазақстан үкiметiнiң қатысуымен консорциум құратындығын жария етті.

Бiздер, Қазақстан азаматтары, бiрнеше ұрпақтың қажырлы еңбегiнiң арқасында  қалыптасқан, экономикамыздың маңдай алды ту ұстары саналатын осы кәсiпорындардың Евразия тобының құрамына сутегiн, жабық, жемқорлық жолдармен өтiп кеткендiгiн, шынтуайтында оның бiрден бiр иесiнен - Қазақстан халқынан ұрлап әкеткендiгiн бұдан бұрын да мәлiмдеген болатынбыз.

Бiз жалпыхалықтық байлықтың астыртын түрде, қитұрқы тәсiлдермен 1990-ншы жылдардағы жекешелендiру кезеңдерiнде жең ұшынан сатылып кеткендiгi әшкере болатындығына, сондай-ақ  ол сауда-саттықты  әдiлетсiз және заңсыз деп мойындайтын  күн туарына сенемiз!   
Компанияның қожалары Машкевичтiң, Ибрагимовтың, Шодиевтiң артынан қылмыстық және жемқорлық  дау-дамайлардың шұбалаңдап жатқандығы баршаға мәлiм. Бүгiнде Ұлыбританияда корпорациядағы экономикалық қылмыстарға қатысты тексеру жүргiзiлуде. Сонымен қатар «евразиялық үштiк» тиiмсiз менеджер санатына қосылды - компанияның қарызы 5 миллиард долларға жеттi. Олардың жауапсыздығының және парықсыздығының салдарынан  акцияларының құны күрт құлдырады.
Бiз президент Назарбаевтан ENRC компаниясын, сондай-ақ «Қазақмысты», «Қазцинктi», «Миттал стилдi», Халық банкiн  1990 жылдардың ортасында қазiргi қожалары төлеген баға шеңберiнде мемлекет меншiгiне керi қайтартуды талап етемiз! Тек осындай шешiм ғана тарихи тұрғыдан әдiлеттi болады және ол бiздiң Отанымыздың тазаруы, қайта түлеуi үшiн қажет!
Бiз сатып алуға қызығушылық  танытушылардың баршасына мынаны қатаң ескертемiз: Қазақстан халқы елiмiздегi стратегиялық нысандарға өзiнiң заңды иелiгiн мiндеттi түрде қалпына келтiредi - «ұрланғанды сатып алушы» опық  жейдi, экономикалық жағынан зиян шегедi!

Бiз елiмiздiң әрбiр патриот азаматы  жемқорлық жолымен, заңсыздықпен қолды болған жерiмiздегi қазба байлықтарды, кәсiпорындарды халықтың өзiне қайтарту жөнiндегi бұл талабымызды толық қолдайтындығына  сенемiз!

Болат Әбiлев                                           Мұхтар Шаханов
Гулжан Ерғалиева                                 Қабдеш Жұмәдiлов
Рысбек Сәрсенбай                                  Софы Сматаев
Зәуреш Батталова                                   Ғаббас Қабышулы
Николай Кремениш                               Темiрхан Медетбек

Ермұрат Бапи                                           Иран - Ғайып
Кұрмангазы Рахметов                              Мереке Құлкенов
Маржан Аспандиярова                          Бауыржан Қарабек
Ғалым Агелеуов                                       Серғазы Мұхтарбек
Қанат Ибрагимов                                     Жанболат  Мамай

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320