Сенбі, 5 Қазан 2024
1020 0 пікір 18 Сәуір, 2023 сағат 15:21

«Жарты млрд теңгені жымқырған»: Қызылорда шенеуніктері күдікке ілінді

Қызылорда облысының бірнеше шенеунігі жарты миллиардтан астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінді.

Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша Жаңақорған аудандық Білім бөлімінің басшысы мен бухгалтеріне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.

Олар білім беру мекемелерінде қызмет етпейтін тұлғалардың есеп-шотына еңбекақы түріндегі қаржы аударып, 543 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.

Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды.

Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі.

Облыстық білім басқармасы басшысы Мейрамбек Шермағанбеттің айтуынша, бұл ақпарат орта және арнаулы білім беру мекемелерінің 2020-2021 жылдардағы және 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы еңбекақы төлеудегі заңсыздықтың нәтижесінде туындаған.

 

Abai.kz

0 пікір