Сенбі, 5 Қазан 2024
1448 1 пікір 19 Сәуір, 2023 сағат 12:03

Тоқаев: «Ұлттық қорға жармаса беруді доғару қажет»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық қордан енді ақша алынбауы керек екенін айтты.

«Ұлттық қорға жармаса беруді доғару қажет. Мен бұл туралы осыған дейін де талай рет айттым. Ұлттық қор – болашақ ұрпақтың қаражаты. Біз оның ресурстарын тек қажет жағдайда, дағдарыс кезеңінде пайдалануымыз керек.

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік және жан басына шаққандағы қаржыландыру институтын, әсіресе әлеуметтік инфрақұрылымға инвестиция тарту үшін толық көлемде пайдалану қажет», - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы былтыр желтоқсанда мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің (МЖӘ) жаңа моделін енгізуге бағытталған заңнамалық түзетулерге қол қойғанын атап өтті.

«Жеке әріптестерді іріктеу рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін шаралар қабылданды, квазимемлекеттік кәсіпорындардың қатысуы шектелді. Осылайша, бизнесті мемлекеттік жобаларды іске асыруға тарту үшін жағдайлар жасалды. Бұл құрал жаңа ұлттық жобаларды іске асыру кезінде барынша пайдаланылуға тиіс. Үкіметке әлеуметтік салада МЖӘ кешенді бағдарламасын дайындауды тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Abai.kz

1 пікір