Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3607 0 пікір 26 Сәуір, 2013 сағат 13:01

Серік Жанболат. Мемлекет қызметкер намысын қалай қорғауы керек?

Иә, біреудің министрге жұмыртқа лақтырғанын ғаламтордан көрдім. «Баспасөз мәслихатына бірнеше жұмыртқа алып келетін қандай журналист бұл?» деп таң қалғаным рас. Өйткені, біз журналистер кездесуде жұмыртқа лақтыруға дайындалып келмейміз. Журналистің ең басты дәлелі: дерегі, ұстанымы. Пікірталас жұмыртқа, немесе бәтеңке лақтыруға ұласқан кезде, бәтуадан береке кетеді. Ондай жерде бір ғана нәтиже болады: жанжал. Жұмыртқа лақтыруға дайындалып келген адамның көздегені сол ғана. Министр Серік Әбденовке өмірімде бір рет риза болдым. Өзін салмақты ұстады. Қызу қанды жігіт болса әлгінің бетін табақтай қылар ма еді? Жалпы мемлекеттік қызметкер өзінің намысын еркек ретінде қорғай алуы керек пе, жоқ па? Міне прецендент керек болса. Мұны түсіну үшін әркім өзін «жұмыртқаға жуынған жігіттің» орнына қойып көрсін. Бұл әзіл емес. Сондықтан мен әлгі жұмыртқа жинап келіп бұршақша жаудыратын адамның ісін бейбастақтық, мәдениетсіздік деп бағалаймын. Біреуге қарсылық  тым дөрекі болса, оны басбұзарлық, тәртіпсіздік деп атауға тиіспіз. Сондықтан ол жауап беруге тиіс. Бұл өзгеге үлгі болар іс емес.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321