Сенбі, 23 Қараша 2024
1417 0 пікір 20 Сәуір, 2023 сағат 11:30

Стамбулда атыс болды: Бір жерлесімізге оқ тиді

Стамбулда қақтығыс кезінде Қазақстан азаматына оқ тиіп, жарақат алды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

«18 сәуірде Ыстанбұлдағы ҚР Бас консулдығына біздің азаматтан қоңырау келіп түсті, ол өзіне оқ тигенін хабарлады. Консул дереу зардап шеккен азаматқа барып, оны жергілікті ауруханаға жеткізді. Медициналық тексеруден өтті, ота жасалады деп күтілуде. Қазір жерлесіміздің жағдайы тұрақты», - деді Айбек Смадияров.

Белгілі болғандай, отандасымыз жарақат алған кезде қасында әйелі болған.

«Алдын ала мәліметтер бойынша, отандасымыз жергілікті азаматтар арасындағы атысқа кездейсоқ тап болған. Ол өздігінен кетіп бара жатқанда оқ тиген. Бүгінде полиция оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр», - дейді ведомстводан.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434