Сәрсенбі, 2 Сәуір 2025
1835 0 пікір 27 Сәуір, 2023 сағат 14:03

Каспий теңізіне дизель отыны төгілген

Бұл туралы Маңғыстау облыстық экология департаменті жазды.

«Түпқараған ауданы Аташ елдімекені аумағында «Батыс Мұнай Транс» ЖШС жанында тұрған «КАНТА» кемесінен теңізге шамамен 300 литрдей ұзын жолақ дизелдік отын төгілгендігі анықталып, Маңғыстау облыстық экология департаментінің зертханалық-талдамалы бөлімінің мамандарымен судан сынамасы алынды. Тұрғындардың айтуы бойынша, аталмыш жағдай «Батыс Мұнай Транс» ЖШС тиесілі кемеден орын алған.

Маңғыстау облысының экология департаментінің маманы Д.Шалқарбаев, Баутин ауылының әкімі Е.Жеткізгенов, Түпқараған аудандық «Адалдық алаңы» филиалының жетекшісі Д. Акимжанов, Түпқараған аудандық мәслихат депутаты И. Боран және қоғамдық кеңес мүшелері оқиға орын алған жерге таңертең 10:10 уақытында барған. Аудандық ішкі істер бөліміне (102) хабарланды»,-делінген хабарламада.

Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексінің 144-4 бабына сәйкес тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Азамат

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 559
Болған оқиға

Тілендиев неге Таразидың құлағын қыршып алды?

Төреғали Тәшенов 2463
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 2219
Алтын Орда

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 1298