Қазақстан әскерінің 20 пайызы - өзге этнос өкілдері
Қазақстан армиясының жиырма пайызы өзге ұлт өкілдері. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі жариялады.
Түрлі себептермен әр уақытта Қазақстанға жүздеген мың өзге ұлт өкілдері келіп қоныстанғаны тарихтан белгілі. Мұндағы онсызда мұқтаж жұрт ештемеге қарамастан 30-шы жылдардағы қуғын-сүргінге ұшыраған және күштеп жер аударылғандарға қалай көмек қолын созғаны жайлы да көп айтылады.
Сондықтан Қазақстанда мәдениеттер, дәстүрлер мен конфессиялардың алуан түрлілігімен ерекшеленетін бірегей әлеуметтік-демографиялық портрет қалыптасты.
"Қарулы күштер қатарында қазақтар мен орыстар, украиндар мен татарлар, ұйғырлар мен өзбектер, немістер мен кәрістер, беларусьтар мен қырғыздар, грузиндер мен башқұрттар қызмет етеді.
Қазақстан әскері – жауынгердің жеке басын жауынгерлік даярлық деңгейі, кәсіби шеберлігі, жауынгерлік тапсырманы жауапты орындауы және нәтижесі бойынша бағалайтын үлкен ұйымшыл команда.
Қоғамда да, әскерде де бірлік пен келісім – біздің сүйікті Отанымыз – Қазақстан Республикасының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғайтын Қарулы күштердің жауынгерлік әзірлігі мен жауынгерлік қабілетіне байланысты негізгі басымдықтар",-деп жазылған хабарламада.
Abai.kz