Референдум: Мирзиеев тағы 7 жыл президент болмақ
Кеше, 30 сәуір күні, Өзбекстан референдум өткізіп, ОСК оны заңды деп таныды.
Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Зайниддин Низамхожаевтың айтуынша, халықтың 84 пайыздан астамы референдумға қатысып, сайлауға қатысқандардың 90,21 пайызы Өзбекстанның жаңа конституциясының жобасын қолдаған екен.
Жаңа конституция президенттің өкілеттігі бес жылдан жеті жылға дейін ұзарту, өлім жазасына тыйым салу, ел азаматын шет мемлекетке экстрадициялауға тыйым салуды қарастырады. Конституцияның жаңа редакциясы қазіргі президент Шавкат Мирзиеевтің қатарынан үшінші мерзімге сайлануына да мүмкіндік береді.
2016 жылы Президент болған Мирзиеев 2021 жылы қайта сайланған. Өзбек президенті жеті жыл ішінде айналасын «сенімсіздерден тазартты». Кезекті сайлау 2026 жылы өтуге тиіс еді, бірақ референдумнан соң кезектен тыс сайлау болатыны және Шавкат аканың басым дауыспен жеңетіні аңғарлы жанға айтпаса да түсінікті дүние.
Мұның нәтижесінде Мирзиеев кем дегенде 2030 жылға дейін отырған орнын суытпауға мүмкіндік алады. Кіші қызы Білім беру министрлігінде басқарма төрағасы, үлкен қызы Ақпарат және коммуникациялар агенттігінің директоры болып отырған алпыс алтыдағы саясаткер диктатураның барсакелмес аралына аттанды ма, әлде өзбек ағайынды шынымен ұшпаққа шығармақ па?
Abai.kz